Өзбекстан командасы әлем чемпионатына жолдама алуға жақын қалды

240 рет қаралды

Фото: kun.uz

Ертең футболдан Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Тегеранда Иран футболшыларына қарсы матч өткізеді.

Азия аймағынан іріктелетін командалар арасында Иранның мундиальға бару мүмкіндігі жоғары. Өйткені олар «А» тобында 19 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орынға 16 ұпай жинаған Өзбекстан құрамасы жайғасқан. Иран өз алаңында тең ойнаса да, 2026 жылы өтетін футбол тойына жолдама алады. Топтың қос лидері мундиальға тікелей тартады. Өзбекстанның да әлем чемпионатының финалдық турниріне шығуға мүмкіндігі бар.

Ол үшін Иранды жеңіп, Катар мен БАӘ, Қырғызстан және КХДР-мен сырт алаңда ұпай жоғалтқанын күтуі керек.

Ал Иранмен тең түссе, Катар мен БАӘ жеңілгенін тілейді.

Қазір өзбек футболшылары тобында екінші орында. Үшінші орындағы командадан 6 ұпай озып тұр. Жоғарыдағы жағдай орын алмаса, маусымның бесі күні БАӘ командасын сырт алаңда, сол айдың 10-ны күні өз алаңында Катарды жеңуі керек.
Шым-шытырық көрінеді. Десе де барлығы футболшылардың өз қолында.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар