//

Қарасай ауданының экс-депутаты мемлекет қаржысынан 170 млн теңге ұрлап, казиноға жұмсаған

470 рет қаралды
Фото: ЖИ

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының бұрынғы депутаты аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, экс-депутат жалған құжаттар әзірлеп, мемлекеттен 474 миллион теңге көлемінде заңсыз субсидия алған.

Алаяқтық әрекеті

Тергеу барысында күдіктінің элиталық “Награда” сұрыпты таңқурай көшеттерін сатып алу туралы жалған құжаттар жасағаны анықталды. Ол мемлекеттен 947 миллион теңге көлемінде шығын көрсетіп, соның жартысына жуығын субсидия ретінде иемденген.

Алайда бұл қаражат ауыл шаруашылығын дамытуға жұмсалмаған. Тергеу мәліметтері бойынша, ол 21 жеке кәсіпкермен жалған келісімшарттар жасап, көшеттерді орау, тиеу, түсіру жұмыстары жүргізілді деген жалған құжаттар дайындаған. Нәтижесінде 431 миллион теңге қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Ұрланған ақшаны қайда жұмсады?

ҚМА-ның дерегінше, экс-депутат бюджет қаржысын жеке мақсатта жұмсаған. Ол қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастыру үшін жұбайының атына бағалы қағаздар сатып алып, қосымша 89 миллион теңге табыс көрген.

Бұдан бөлек, ол Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер мен Toyota Highlander автокөлігін сатып алған. Тергеу барысында мүлікке, сондай-ақ 50 миллион теңге ақша мен 91 миллион теңге құны бар бағалы қағаздарға тыйым салынды.

Ең сорақысы, күдікті мемлекеттен заңсыз алынған 170 миллион теңгені Қонаев қаласындағы казинода ұтылып қалған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Соттың санкциясымен күдікті екі айға қамауға алынды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Дереккөз: ҚМА 

Парақшамызға жазылыңыз

Amina Temirkhanova

Журналист, SMM-маманы, графикалық дизайнер.
Алматы облысы, Қаскелең қаласы, SDU университетінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар