Фото: pin.it
Черногорияның Будва қаласында бокстан «Адрия інжуі» деп аталатын халықаралық турнир өтті.
Бұл жарыстың жастар арасындағы әлем кубогі деген статусы бар. Оған дүние жүзінің 21 елінен келген ең үздік жас былғары қолғап шеберлері қатысты. Аға бапкер Мақсат Бақтыбазаров бастаған боксшылар екі алтын жеңіп алды.
Назарларыңызға «Адрия інжуі» турнирінің жеңімпаз-жүлдегерлерін ұсынамыз.
57 келіде жұдырықтасқан Нұғман Нығмет пен 75 келіде шаршы алаңға шыққан Жасұлан Бердалы турнир жеңімпазы атанса, 54 келіде Алдияр Баһадүр, 75 келіде Игорь Соловьев, 92 келіде Санжар Сейіткамит, +92 келіде Бексұлтан Қайратұлы атты боксшылар күміспен күптелді.
Сондай-ақ Черногория шаршы алаңына шыққан 48 келідегі Нұрхан Құмарбеков пен Бексұлтан Қожамжар, 51 келіде Айдос Үсенов, 54 келіде Әли Мұрат, 57 келіде Бауыржан Мұратов, 60 келіде Ердәулет Саит, 63.5 келіде Әлихан Әскер, 63.5 келіде Мұхит Нұрқабылұлы, 67 келіде Сұлтан Тұрдалы, 71 келіде Бекарыс Нұрмұхан, 71 келіде Бейбарыс Әшірбай қола жүлдені қанағат тұтты.
Осы жарыста ерекше өнерімен көзге түскен Нұғман Нығмет турнирдің үздік боксшысы атанды.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз