Сары құрлық чемпионаты: сыралғы қарсылас сыр берер емес

214 рет қаралды

Иордания астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан сары құрлық чемпионаты аяқталуы жақын.
Грек-рим және нәзік жанды палуандар жарысынан соң медаль таласына еркін күрес шеберлері араласты. Бес салмақ мықтысы анықталған жарыстың алғашқы күнінде ел намысын Рахат Қалжан 57 келіде, Нұрсұлтан Садық 65, Начын Куулар 70, Дәулет Ергеш 79 және 97 келіде Ризабек Айтмұхан қорғады.

Іріктеу сындарынан соң Нұрсұлтан Садық (65 кг) жеңілді. Ал Начын Куулар (70кг) мен Дәулет Ергеш (79 кг) қола жүлде үшін күресу мүмкіндігіне ие болғанымен бірі жапондық, енді бірі тәжікстандық палуанға жол берді.
Жартылай финалда сүрінген Рахат Қалжан ел қоржынына қола медаль салды.
Барша қазақ елі жолына үлкен үміт артқан Ризабек Айтмұхан финалға дейін алқынбай жетті. Бірақ бұрынғы қарсыласы Араш Иошида Ризабекке ешқандай мүмкіндік бермеді. Осылайша Айтмұхан үш дүркін Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Түгелбай Бисен

Фотолар: ҚР ТСМ Спортты дамыту дирекциясының

баспасөз қызметі

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар