///

Сот алдындағы шешім: USAGM Азаттық радиосына бөлінген гранттың бір бөлігін беруге келісті

236 рет қаралды
Фото: azattyq.org

АҚШ-тың Ғаламдық медиа жөніндегі агенттігі (USAGM) Азат Еуропа/Азаттық радиосына (АЕ/АР) бөлінген қаржының бір бөлігін аударуға келісті. Бұл туралы 24 наурызда агенттік ресми түрде хабарлады. Қаржылық қолдау туралы шешім Азаттық радиосы мен USAGM арасындағы сот отырысы алдында жарияланды.

USAGM-нің мәлімдемесіне сәйкес, Азат Еуропа/Азаттық радиосы 1-14 наурыз аралығындағы кезеңді қамтитын 7,46 миллион доллар көлеміндегі грантты алады. Қаражат бүгін, яғни 26 наурызда аударылып, Азаттық оны ай соңына дейін қабылдайды.

АҚШ-тың Ғаламдық медиа жөніндегі агенттігінің сот ісіне тіркелген хатында “Агенттік төлем жасау үшін қажетті жедел әкімшілік шараларды орындады” делінген. 

Алайда, сотта АҚШ Әділет министрлігінің өкілі Абигейл Стоут халықаралық хабар тарату туралы заңға сәйкес, егер медиаұйым келісім талаптарын орындамаса, USAGM грантты тоқтата алатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл заң USAGM-ге қаржыландыруды өз қалауынша реттеуге, қажет болған жағдайда грантты қысқартуға немесе толықтай тоқтатуға мүмкіндік береді.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының мүддесін қорғайтын адвокат Дэвид Зионтс бұл көзқараспен келіспейтінін жеткізді.

“Егер агенттік өз шешімін еркін өзгерте беретін болса, онда конгресс бөлетін қаржының ешқандай маңызы болмай қалады”, – дейді адвокат.

Қазіргі уақытта Азат Еуропа/Азаттық радиосы 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі қаржыландыруды толық алу үшін күресіп жатыр. Медиаұйым қаржы ағынын тоқтатуға қатысты шешімге уақытша тыйым салуды сұрап, сотқа өтініш берді. Судья Ройс Ламберт бұл мәселе бойынша алдағы апталарда шешім шығарады деп күтілуде.

Грант не себепті тоқтатылды?

Еске сала кетейік, 18 наурызда Азат Еуропа/Азаттық радиосы USAGM мен оның басшылары Кэри Лейк пен Виктор Моралесті сотқа берді. Медиаұйымның шағымында олар конгресс бөлген қаржыны негізсіз тоқтатуға талпынды делінген.

Бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп жеті мемлекеттік агенттіктің, соның ішінде USAGM-нің жұмысын қысқарту туралы жарлық шығарған болатын. Кейін Азат Еуропа/ Азаттық радиосына конгресс бөлген қаржыны тоқтату туралы шешім шықты. Бұл жөнінде USAGM сайтында агенттік төрағасы міндетін атқарушысының бас кеңесшісі Кэри Лейк мәлімдеме жасап, Трамп әкімшілігі салық төлеушілердің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр деп есептейтінін айтқан.

Парақшамызға жазылыңыз

Amina Temirkhanova

Журналист, SMM-маманы, графикалық дизайнер.
Алматы облысы, Қаскелең қаласы, SDU университетінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар