/

Әлем кубогі кезеңі: қазақстандық гимнасттар үш жүлдеге ие болды

92 рет қаралды

Фото: ҚР спорт комитетінің телеграмынан

Катар астанасы Дохада гимнастикадан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр.

Аталмыш додада сынға түсіп жатқан қазақстандық спортшылар өздерінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Алдымен еркін жаттығу жүлдесін сарапқа салған гимнасттар үш жүлденің екеуін еншіледі.

Бұл сында Милад Карими 14.466 ұпай жинап, алтын медальға ие болса, Алтынхан Темірбек 13.633 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қола медаль Ұлыбритания өкілі Сэм Мастоуфиге бұйырды. Ол 13.600 ұпай жинады.

Еркін жаттығу финалы тартысқа толы болды.

Британдық Сэм Мастоуфиді күміс жүлдеден бар болғаны 0.033 айырды.

Сондай-ақ финалда Қытай, Жапония және Түркия спортшылары да бақ сынады. Алайда олар жүлдеден тыс қалды.

Қазақстандық гимнасттар өз бағдарламаларын сәтті орындап, мықты қарсыластарынан озық шықты.
Сонымен қатар Доха додасында Нариман Құрбанов әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды.

Отандасымыз тұтқалы ат снарядындағы жаттығуда 14.566 ұпай еншіледі.
Бұл сында Нариманның алдын армениялық Гамлет Манукян (14.700) мен Қытай спортшысы Яньмин Хун (14.666) орап кетті.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар