/

Алматы облысы полициясы соттан қашқан күдіктіні қолға түсірді

169 рет қаралды
Фото: Алматы облысының полициясы

Қарасай аудандық соты залынан қашқан күдікті ұсталды. Оған бала зорлады деген айып тағылған еді. Бұл туралы Алматы облысының полициясы хабарлады.

Айта кететін жайт,  ол 1 сәуірде Қарасай ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сот залынан қашып кеткен еді.

Қашқын  Ақши ауылынан табылды. Оны ұстау үшін полиция мен Ұлттық гвардия жұмылдырылды, ал тұтқынға алу үшін арнайы жасақ жауынгерлері қолданылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қашқынның қозғалу бағыты анықталып, полицейлер оның жасырынған жерін тапты. Күдікті құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Енді ер адамға негізгі қылмысынан бөлек, қамаудан қашқаны үшін қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қосымша айып тағылды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар