/

Атырауда жұмысшы мамандықтарды насихаттауға арналған «Atyrau Faces» көрмесі ашылды

59 рет қаралды

Атырау қаласындағы «Yemaa» замануи мәдениет орталығында «Atyrau Faces» фотокөрмесі ашылды. Көрмені «Golden Steppe Explorers» Қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр. Көрме 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялау бастамасын қолдау мақсатында Атырауда басталған жұмысшы жастардың республикалық форумы аясында ашылды.

Көрменің ашылуында сөз алған «Golden Steppe Explorers» Қоғамдық қорының директоры Ержан Нұрпейісов келушілерге «Atyrau Faces» видеоконтенті арқылы еңбек мамандықтарын насихаттау жобасын таныстырды.

Сонымен қатар фото, видео контент арқылы өңірдегі жұмысшы мамандықтарды насихаттайтын «Atyrau Faces» жобасының басты мақсаты мен міндеттеріне тоқталды.

Көрменің ашылуына Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, ҚР Парламентінің депутаттары, оның ішінде Геннадий Шиповских, «Теңізшевройл» ЖШС және «NCOC» компаниясының бас директорлары және республикалық форумға қатысушылар қатысып, ұсынылған жұмыспен танысып шықты.


Қоғамдық қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы жоба аясында 30 жұмысшы мамандық иесін фотокөрме арқылы көрсетіп, көрермен мен халыққа жұмысшы мамандықтар туралы кеңінен ақпарат таратып, насихаттау көзделген.

Алғашқы көрмеде түрлі кәсіпорында еңбек ететін 10 жұмысшы маманның фотолары қойылған.


Көрмеге келушілер өрт сөндіруші, сүңгуір, мұнайшы, зертханашы, агроном, өндірістік альпинист, автоэлектр маманы, кран жүргізушісі, аспаз сияқты мамандықтар бейнеленген фотосуреттерді тамашалай алады.

Жоба аясында өңірдегі түрлі компания, өндірістерде еңбек ететін жұмысшы мамандықтардың иелерімен кездесіп, сұхбат құрып, оларды фото, видеоға түсіріп, кейін шыққан өнімнен көрме жасақталды.

Ал жұмысшы мамандықтар келесі мекемелер мен кәсіпорындардан таңдалды. Олар – Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Трава у дома», «YKK» компаниялары, «Ferrum» автосервисі, «БатысАльянсСтрой» ЖШС.

2025 жыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды. Жұмысшы мамандықтар жылы жастар арасында осы салаларда білім алу мен еңбек қызметіне деген қызығушылықты арттырудың маңыздылығын көрсетеді.
«Atyrau Faces» жобасы арқылы өңірдің жастарына жұмысшы мамандықты игеріп өндірісте, кәсіпорындарда ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан нақты адамдардың табысты оқиғаларын көрме арқылы насихаттау жұмысшы мамандықтарды игеруге және сол мамандықтар бойынша жұмыс жасауға үлгі, мотивация болады, олардың осы салаларға деген қызығушылығын арттырады.


Жоба өңірдегі жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттауға бағытталған маңызды бастама. Жоба арқылы жастар өзі тұратын қалада өмір сүретін адамдардың табысты оқиғаларын көріп жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы орны мен рөлі, мәні мен маңызын түсініп, осы салаларда білім алу мен еңбек етуге деген ынтасын арттырады. Нәтижесінде жобаны жүзеге асыру өңірде қажетті кадрлық резервтер мен кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға ықпал етіп, Атырау облысының экономикалық және әлеуметтік дамуына оң әсерін тигізеді.

Жобаны ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қолдауы бойынша «Golden Steppe Explorers» Қоғамдық қоры жүзеге асырып жатыр.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Милад Мысырда топ жарды

Фото: спортты дамыту дирекциясынан Мысыр астанасы Каирде спорттық гимнастикадан әлем кубогінің кезекті кезеңі басталды. Жарыстың алғашқы