Фото: спортты дамыту дирекциясынан
Дзюдодан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде қоржынымызға бір қола жүлде түсті.
Оны 57 келіде өнер көрсеткен Бақыт Құсақбаева иеленді. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Бақыт Түркіменстан өкілі Майса Пардаеваны жеңді.
Осылайша отандасымыз мансабында алғашқы рет сары құрлық жүлдесін еншіледі.
Өкінішке орай бұл күні қола жүлде таласына түскен Эсмигүл Куюлова Солтүстік Корея өкіліне жол берді.
Жалпы жарыстың екінші күні татамиге шыққан қазақстандық дзюдошылар ширек финалдан аса алмады.
81 келіде белдескен Мәди Амангелді Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы, 2 дүркін әлем чемпионатының жүлдегері, жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Ли Ён Хванға (Оңтүстік Корея) шамасы жетпесе, 73 келіде бақ сынаған Есет Қуанов өзбек спортшысы Шахрам Ахадовқа вазари ұпайымен жол берді.
Сондай-ақ 81 келіде өнер көрсеткен Азат Күмісбай да жартылай финалға шыға алмады. Ал 70 келідегі Кристина Сотникова жарысты ерте аяқтады.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз