Черногория соты Дина Таңсәріні Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты

93 рет қаралды

Черногорияның Жоғарғы соты «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәріні Қазақстанға экстрадициялаудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы қоғамдық қор ресми түрде мәлімдеді.

Видео: Instagram, @nemolchikz_official

Алдын ала мәліметке сәйкес, Дина Таңсәрі қазіргі таңда бостандықта. Десе де, бұл іс бойынша сотта қосымша тыңдаулар өтуі мүмкін.

Еске салайық, 14 сәуір күні Дина Таңсәрі Черногория астанасы Подгорицада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Ол – Қазақстанда танымал құқық қорғаушы әрі «НеМолчиKZ» қорының негізін қалаушы. Қор гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күресіп, жәбірленушілердің құқығын қорғаумен айналысады.

Қоғамдық қор өкілдері әлеуметтік желіде Динаның бостандыққа шыққанын қуана хабарлап, қолдау білдіргендерге алғыс айтты.

«Дұғаларыңыз бен қолдауларыңыз үшін алғыс білдіреміз! Қуаныштан жылап жатырмыз. Алдағы уақытта Динаның өзі де сіздермен байланысқа шығады.», – деп жазды олар.

Сонымен қатар, кеше сағат 16:00 шамасында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы іске қатысты ресми мәлімдеме жариялағаны белгілі болды. Осыған байланысты «НеМолчиKZ» қоры жақын күндері прокуратура таратқан ақпаратқа қатысты нақты әрі дәлелді түсініктеме дайындап, оны әлеуметтік желілер арқылы көпшілік назарына ұсынбақ.

«Бастысы — ештеңе бұрмаланбасын. Халық шындықты білсін!», – дейді «НеМолчиKZ».

Парақшамызға жазылыңыз

Amina Temirkhanova

Журналист, SMM-маманы, графикалық дизайнер.
Алматы облысы, Қаскелең қаласы, SDU университетінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар