Фотолар: t.me/olimpicgames_Kazteamfan
Бангкокта (Тайланд) дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні
ерлер 60, 66, әйелдер 48, 52 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде кім мықтыны анықтады.
Бірінші күннің нәтижесінде Қазақстан құрамасының спортшылары қос қола жеңіп алды.
Алдымен әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта белдескен Ғалия Тынбаева жұбаныш финалында тайпейлік Чен Хао Линнен басым түсті.
Ғалия жарыс барысында төрт кездесу өткізіп, оның үшеуін жеңіспен аяқтады. Қазақтың қайсар қызы Вьетнам және Тайналнд спортшыларының жауырынын жер иіскетті. Тек жартылай финалда жапониялық Хикари Иошиокаға есе жіберді.
Ал ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Шерзод Давлатов қола үшін күресте өзбекстандық Бахром Батуровты сан соқтырды.
Сонымен қатар 60 келіде Нұрәділ Әлжан және 66 келіде белдескен Ержан Еренғайыпов жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Құрлық додасы сәуірдің 28-не дейін жалғасады.
Түгелбай Бисен
Фото авторы: Айдос Балтабай
Парақшамызға жазылыңыз