//

Олимпиада мен Паралимпиада жүлдегерлеріне ақшалай сыйақылары жіберілді

55 рет қаралды

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Кеше ғана өткен жылғы олимпиаданың жеңімпазы мен жүлдегерлеріне сыйақылары әлі аударылмағанын жазған едік.

Бүгін жақсы хабар естідік. 

Қазақстан Үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдаған.

  • Қаулыға сәйкес, Үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төлем жіберілді. Барлығы 49 спортшы мен 63 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды, – делінген ҚР туризм және спорт министрлігінің хабарламасында.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай мөлшерде ақшалай сыйақылар қарастырылған:

1-орын — 250 000 АҚШ доллары;
2-орын — 150 000 АҚШ доллары;
3-орын — 75 000 АҚШ доллары;
4-орын — 30 000 АҚШ доллары;
5-орын — 10 000 АҚШ доллары;
6-орын — 5 000 АҚШ доллары.

Ақшалай сыйақы жүлдегерлердің бірінші, жеке және бас жаттықтырушыларына да беріледі.

Сонымен қатар Олимпиада мен Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер ұсынады.

Динара Насыр

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар