Сәуірдің 14–і мен 16-сы аралығында Оралда қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Дүбірлі доданың басы қасында жүрген БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов мұндай жарыс өңірде ұлттық спорттың дамуына септігін тигізетінін атап өтті. Сондай-ақ облыс палуандары арасынан бірнеше чемпион шығып жатса, әлем немесе Азия чемпионатын өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
Еліміздің барлық облысы мен қалаларынан келген 500-ге жуық жас палуандар бәсекесін тамашалауға ҚР азақ күресі Ассосациясы бас директоры Дамир Бекбосынов та келді. Ол өз сөзінде құрлықтық немесе әлем чемпионатын Жайық жағасында өткізуге қарсы еместігін атап өтті.
– Жазға қарай Түркістан қаласында Қажымұқан бабамыздың рухына арналған әлем кубогі жарысы өтеді. Оралдағы додада үздік болғандар сол жарысқа қатысуға мүмкіндік алады, – деді Дамир Бекбосынов.
Сондай-ақ алдағы уақытта ұлттық күресті Азия ойындарының бағдарламасына енгізуді мақсат етіп отырғанын айтты.
Сонымен қатар Жайық жағасындағы палуандар бәсекесін тамашалауға қазақ күресінен жастар ұлттық құрама командасының аға бапкері Ілияс Измагилов келді. Еліміздің үздік жас боз кілем шеберлерінің аяқ алысын байқаған Ілияс Асхатұлы тек жеңімпаздар мен жүлдегер ғана емес, өзін жақсы қырынан көрсете алған палуандар да бапкер назарында болатынын жеткізді.
Үш күнге созылған жасыртың алғашқы күні қыздар 60, 65, 70 және +70 келі салмақ дәрежесінде ұллар 90, 100 және +100 келіде кім мықтыны анықтады.
Қорытындысында 60 келі қыздар сынында:
- Сматали Ақбота Жетісу обл.
- Тилеубаева Айару Қостанай обл.
- Изтаев Жұпаркүл Түркістан обл.
- Сейітқасым Аружан Түркістан обл.
65 келі қыздар
- Балғабаева Аяулым Жамбыл обл.
- Өтеулі Сезім Жамбыл обл.
- Әлібек Сабина Шымкент қ.
- Өзбек Саяжан Жетісу обл.
70 келі қыздар
- Қыдырәлі Ақбота Түркістан обл.
- Рсынхан Гулнур Түркістан обл.
- Мақсатқызы Шұғыла Алматы обл.
- Забильская Дария БҚО
+70 қыздар
- Оразбекова Наргиз Астана қ.
- Оразбек Ләззат Шымкент қ.
- Кулумбетова Сабина БҚО
- Рамазанова Анель Абай обл.
90 келі ұлдар
- Мержанов Ерасыл Абай обл.
- Полша Бейсет Қарағанды обл.
- Ағыбаев Шахнияз Қостанай обл.
- Кемелбек Сабырбек Жамбыл обл.
100 келі ұлдар
- Қалмырза Ердәулет Түркістан обл.
- Жанболатұлы Эльнар БҚО
- Қыбышев Әлімжан Қарағанды обл.
- Адилжан Айдар Алматы обл.
+100 келі
- Бейсенәлі Мейірхан Түркістан обл.
- Базарбай Олжас Шымкент қ.
- Төре Қажымұхан Астана қ.
- Нұрахметов Ерасыл Абай обл.
Боз кілем бәсекесінің екінші күнінде:
-44 келі
- Таджимова Жансая Қызылорда обл.
- Рахыбай Қарақат Жетісу обл.
- Алтынбек Шолпан Түркістан обл.
- Өмірбекова Бақыт Абай обл.
-48 келі
- Анарбекқызы Эльнара БҚО
- Токмурзина Томирис Астана қ.
- Рахметова Томерис Жамбыл обл.
- Алтыбайқызы Камила Маңғыстау об
-52 келі
- Шегелекова Алира Абай обл.
- Темірбек Сандуғаш Ақмола обл.
- Баёва Эвелина Қостанай обл.
- Какенова Гульназ Ұлытау обл.
-56 келі
- Өмірбек Гүлназ Түркістан обл.
- Саламат Сезім Маңғыстау обл.
- Мадиярқызы Мадина Ақмола обл.
- Амангельдинова Анель Абай обл.
-72 келі
- Бақдәулет Ерасыл Жамбыл обл.
- Бахытханұлы Нұржол Павлодар обл.
- Саматұлы Асар Ақтөбе обл.
- Кнестиков Данил Қарағанды обл.
-78 келі
- Мақсұтов Бекзат Абай обл.
- Темірхан Мансұр Жамбыл обл.
- Темірхан Дәрусейтхан Түркістан обл.
- Дуйсенбай Әли Алматы обл.
-84 келі
- Қайратұлы Сұлтан-Бейбарыс Абай обл
- Әлімби Әли Жамбыл обл.
- Сагиев Серіжан Ұлытау обл.
- Шайхыслам Бауыржан Шымкент қ.
Оралды қазақ күресі думанына бөлеген жарыстың қорытынды күні тек ұлдар белдесті. Қорытындысында:
55 келіде
- Даулет Диас Астана қ.
- Миразат Айбатыр БҚО
- Хамит Нұролла Қарағанды обл.
- Муса Эржан Қарағанды обл.
60 келіде
- Тугушев Рузимон Түркістан обл.
- Сошнин Арсен Ақтөбе обл.
- Тойжан Әділжан Алматы обл.
- Бескемпір Жалғас Астана қ.
66 келіде
- Алдаберген Нұрдаулет Астана қ.
- Жаңабай Бекасыл Жамбыл обл.
- Мажит Сәкен Алматы қ.
- Дінмұханбетұлы Жанасыл Алматы қ. Есімді жас палуандар жеңіс тұғырына көтерілді.
Ел чемпионатының соңында боз кілемге жас түйе палуандар шықты. Ірі жігіттер сынында:
- Абдисамитұлы Сардар Түркістан обл.
- Рахимов Амирбек Ақтөбе обл.
- Маратов Думан Атырау обл.
- Жамбыл Нұрболат Шымкент қ. Есімді жігіттер медаль бөлісті.
Орал боз кілеміндегі бәсекені қорытындылаған ҚР қазақ күресі ассосациясының бас директоры Дамир Бекбосынов жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
– Жаңадан салынған спорт кешені тек елішішілік емес, халықаралық жарыстарды өткізуге де қолайды. Ел біріншілігін ұйымдастырған қазақ күресі федерациясына, жергілікті спорт басқармасына, өңір әкімшілігіне алғысымызды бідіреміз. Спортшыларға да бапкерлерге де барлық жағдай жасалды. Енді осы жарысты талдап, үздік спортшыларды бәсі биік додаларға шығарамыз, – деді Дамир Бекбосынов.
Түгелбай Бисен,
Фото облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан
Парақшамызға жазылыңыз