Фото: Ақорданың баспасөз қызметінен
Мемлекет басшысы «Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Ол туралы хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Енді спортта не өзгереді?
Құжат спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге және шектен тыс регламенттеуді азайтуға бағытталған.
Заңның негізгі ережелері:
1. Спорттың басым түрлеріне деген жаңа көзқарас. Яғни уәкiлеттi орган халықаралық нәтижелер негiзiнде басым спорт түрлерінің республикалық және аймақтық тiзiмдерiн қалыптастырады. Олардың қатарында олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдоолимпиялық, азиялық және ұлттық спорт түрлері кіреді.
- Қаржыландыру және стандарттары. Шетелдік легионерлерді мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор есебінен қаржыландыруға тыйым салынады. Енді қазына қаржысы тек Қазақстан азаматтарына бөлінеді.
- Мемлекеттік қаржыландыру 4 бағыт бойынша бөлінеді.
3.1 Жоғары жетістіктер спорты;
3.2 Бұқаралық спорт түрлері;
3️.3 Дене шынықтыру және спорт.
- Спорт инфрақұрылымы.
Заңға «спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары» ұғымы енгізіледі. Соған сәйкес спортшыларды төл таным-түсінігімізге сай тәрбиелеп, олардың бойына дәстүрлі құндылықтарды сіңіруді көздейтін бірыңғай даярлау стандарты әзірленеді. Сондай-ақ аккредиттеу мен бақылауға қатысты өзгерістер де бар. Онда спорт федерациялары ұлттық және жергілікті болып бөлінеді. Уәкiлеттi орган допингке қарсы нормаларды бұзғаны үшiн шаралар қолдануға құқылы болады.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз