Фото: pin.it
Қазір Қазақстаннан барлығы 121 бағыт бойынша аптасына 660 рейс ұшады. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тұрақты негізде жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашу жұмыс жүргізіп жатыр.Осылайша «SCAT» әуе компаниясы биыл Шымкент қаласының әуежайынан келесі жаңа халықаралық бағыттарды ашуды жоспарлап отыр:
27 мамырдан бастап:
Шымкент – Будапешт (Венгрия), аптасына 2 рейс;
Шымкент – Мюнхен (Германия), аптасына 3 рейс;
28 мамырдан бастап:
Шымкент – Сиань (Қытай), аптасына 2 рейс;
29 мамырдан бастап:
Шымкент – Каир (Мысыр), аптасына 2 рейс;
Шымкент – Шанхай (Қытай), аптасына 2 рейс;
Шымкент – Сеул (Корея), аптасына 2 рейс;
30 мамырдан бастап:
Шымкент – Үрімші (Қытай), аптасына 2 рейс.
«Air Astana» әуе компаниясы да бірнеше жаңа халықаралық бағыты іске қосуды жоспарлап отыр.
30 наурыздан бастап ашылды:
Алматы – Гуанчжоу (Қытай), аптасына 3 рейс;
Алматы – Нячанг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;
31 наурыздан бастап ашылды:
Астана – Нячанг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;
Жоспар:
20 сәуірден бастап: Алматы – Мумбай (Үндістан), аптасына 3 рейс;
14 мамырдан бастап: Астана – Дананг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;
27 мамырдан бастап: Атырау – Тбилиси (Грузия), аптасына 3 рейс;
28 мамырдан бастап: Алматы – Ош (Қырғызстан), аптасына 4 рейс;
31 мамырдан бастап: Атырау – Баку (Әзірбайжан), аптасына 3 рейс;
1 маусымнан бастап: Алматы – Франкфурт (Германия), аптасына 3 рейс;
4 маусымнан бастап: Алматы – Дананг (Вьетнам), аптасына 2 рейс.
«Qazaq Air» әуе компаниясы 1 мамырдан бастап Астана – Түркістан – Самарқанд жаңа халықаралық бағытын аптасына 2 рейс жиілігімен іске қосуды жоспарлап отыр.
«Fly Arystan» әуе компаниясы биылғы жылы келесі жаңа бағыттарды ашуды жоспарлап отыр:
18 мамырдан бастап:
Алматы – Инин (Құлжа), аптасына 2 рейс;
4 маусымнан бастап:
Қарағанды – Ыстанбұл (Түркия), аптасына 2 рейс.
Биыл сондай-ақ бірқатар шетелдік әуе компаниясы Қазақстан Республикасына жаңа рейстер ашып жатыр:
«Eastar Jet» (Корея):
7 сәуірден бастап Сеул – Алматы бағыты ашылды, аптасына 2 рейс;
Көктем-жаз маусымында Пусан – Алматы бағыты ашылады, аптасына 2 рейс;
«TWay» (Корея):
Көктем-жаз маусымында Сеул – Астана бағыты, аптасына 2 рейс;
«Spice Jet»:
Көктем-жаз маусымында Дели – Алматы бағыты, аптасына 4 рейс;
«Air Cairo» (Мысыр):
3 сәуірден бастап Шарм-эль-Шейх – Қостанай бағыты ашылды, аптасына 1 рейс;
13 сәуірден бастап Хургада – Алматы бағыты, аптасына 2 рейс;
«Thai Air Asia X» (Таиланд):
2025-2026 жылдардағы күз-жаз маусымында Бангкок және Пхукет қалаларынан Алматыға бағыттар жоспарланған.
Қазақстандықтар 28 елге тікелей ұша алады.
Парақшамызға жазылыңыз