2025 жылдың 10 сәуірінде Талдықорған қаласында қоғамда кең резонанс тудырған Шерзат Полаттың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Іс Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.
10 сәуір күні Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау басталды. Процесті судья Ержан Жанұзақов жүргізіп отыр. Қылмыстық іске байланысты айып тағылғандардың тізімінде тоғыз адам бар, олардың бірі кәмелетке толмаған. Сонымен қатар, тағы екі адам куәгер ретінде қатысуда.
Сот отырысы ашық форматта өтіп жатыр. Жоғарғы Соттың YouTube-арнасында және бірнеше республикалық телеарналарда (соның ішінде «31 арна» және «Хабар») тікелей эфирде көрсетілуде. Бұл қоғамның процесті толық бақылауына мүмкіндік береді.
Айыпталушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр. Олардың ішінде – «Адам өлтіру», «Бұзақылық», «Қаруды заңсыз алып жүру» баптары бар. Айып тағылғандардың барлығы тергеу барысында уақытша қамауға алынған. Прокуратура соттан айыпталушыларға ауыр жаза сұрауда.
Соттың келесі отырысы 2025 жылдың 17 және 18 сәуір күндері сағат 10:00-де жалғасады. Жәбірленуші тараптың, айыпталушылар мен олардың қорғаушыларының сөздері тыңдалады деп күтілуде.
Бұған дейін Алматы облыстық Полиция департаменті Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеген. Сотқа дейінгі тергеу барысында 200-ге жуық куәгерден жауап алынып, 40-тан астам сот сараптамасы жүргізілген. Сонымен қатар, сегіз бейнежазба талданып, күдіктілердің әрекетіне заң аясында баға берілген. Қылмыстық іс материалдары 62 томнан тұрады.
Айта кету керек, Шерзат Полаттың ісін қорғауды Мейірман Шекеев бастаған алты адвокат қолға алды. Бұл топтың құрамында Жандос Палманов, Әлім Мұстафаев, Дина Досаева, Нұрболат Ибраев және Бағдат Амандосұлы бар.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Оқиғадан кейін көп ұзамай Алматы облыстық Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасап, бұл іске байланысты 11 күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.
Парақшамызға жазылыңыз
[…] дейін 10 сәуірде алғашқы тыңдалым өткен болатын. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл іске байланысты […]