Стамбулда 6,2 магнитудалы жер сілкінісі болды: 151 адам зардап шекті

108 рет қаралды

2025 жылдың 23 сәуірі күні Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) мәліметінше, Стамбулда 6,2 магнитудалы күшті жер сілкінісі орын алды. Апат салдарынан 151 адам жарақат алып, бір күн ішінде ондаған афтершок тіркелді.

Ресми деректерге сүйенсек, жер сілкінісінің эпицентрі Мәрмәр теңізінде, Стамбұлдың батыс жағалауына жақын орналасқан. Сілкініс жергілікті уақыт бойынша 12:49-да (жергілікті уақыт) тіркелді. AFAD мәлімдегендей, эпицентр Стамбұлдан 80 шақырым батыста орналасқан, ал жер сілкінісінің ошағы 7 км тереңдікте болған.

volcanodiscovery.com
volcanodiscovery.com

Алғашқы дүмпу 12:13-те болып, оның магнитудасы 3,9-ға тең болды. Одан кейін ең күшті сілкініс 12:49-да тіркелді. Соңынан 4,4 пен 4,9 аралығындағы бірнеше дүмпу байқалды.

Ішкі істер министрі Али Ерликаяның X әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесіне сәйкес, 15:12-ге дейін 51 афтершок тіркелген, олардың ішіндегі ең қуаттысы 5,9 магнитудалы болған. Оның айтуынша, 12:59-да болған 6,2 магнитудалы жер сілкінісі шамамен 13 секундқа созылған. Кешке қарай AFAD күні бойы 180-нен астам афтершок тіркелгенін хабарлады.

16 миллион халқы бар қала үшін ең күшті сілкіністердің бірі

Reuters агенттігінің мәліметінше, бұл соңғы жылдардағы қалада тіркелген ең күшті жер сілкіністерінің бірі. Сілкініс көршілес провинцияларда және Анкара қаласында да сезілген. AFP агенттігі София (Болгария астанасы) тұрғындарының да дүмпуді сезгенін хабарлады.

Қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ. Бірақ әлеуметтік желілерде тұрғындардың ғимараттардан үреймен шығып, көшелерге жиналған видеолары тарады. Стамбұл губернаторының кеңсесі 151 адамның жарақат алғанын растады, олардың көпшілігі үрейленіп, биіктіктен секіріп кеткен. Абырой болғанда, зардап шеккендердің өміріне қауіп жоқ.

Сондай-ақ, Стамбұлдың Фатих ауданындағы бір ескі ғимараттың ішінара құлағаны хабарланды.

Anadolu Ajansi
Anadolu Ajansi

Көптеген Стамбул тұрғындары жер сілкінісі туралы SMS-хабарлама алмаған.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар