Жыл басынан бері 3 мыңнан астам қандас елге оралды

126 рет қаралды
Фото: minber.kz

2025 жылдың басынан бері 3 203 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Осылайша, 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 миллион 151 мыңнан астам этникалық қазақ оралған.

Оралған азаматтардың көпшілігі – Қытайдан келгендер, олардың үлесі 48,1%-ды құрайды. Өзбекстаннан келген қандастардың үлесі – 39,5%, Түркіменстаннан келгендердің үлесі – 5,8%, Монғолиядан келгендер – 2,5%, Ресейден келгендер – 1,9%, ал басқа елдерден келгендердің үлесі – 2,2%.

Дереккөз: gov.kz

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қандастардың 60,7%-ы еңбекке қабілетті жаста, 31,1%-ы – кәмелетке толмаған, ал 8,2%-ы зейнеткерлік жасқа жеткен. Еңбекке қабілетті қандастардың білім деңгейі әртүрлі: 17,9%-ы жоғары білімді, 27,8%-ы орта кәсіби білімді, 52,9%-ы жалпы орта білімді, ал 1,4%-ы ешқандай білімі жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республика бойынша түрлі өңірлерге қоныстанды. Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер ретінде Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары белгіленген. 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. 1 сәуірдегі жағдай бойынша осы өңірлерге 642 қандас қоныс аударды.

Қоныс аударған қандастарға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде біржолғы субсидия беріледі. Сонымен қатар тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-дан 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде қолдау көрсетіледі.

2025 жылдың басынан бері 147 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді, соның ішінде 94 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Қоныс аударуды ынталандыру үшін солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау шаралары да қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді, ол тұрғын үй құнының 50%-ын немесе бір отбасына 4,56 млн теңгеге дейін біржолғы қайтарымсыз өтеусіз көмек көрсетеді.

Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Парақшамызға жазылыңыз

Amina Temirkhanova

Журналист, SMM-маманы, графикалық дизайнер.
Алматы облысы, Қаскелең қаласы, SDU университетінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Милад Мысырда топ жарды

Фото: спортты дамыту дирекциясынан Мысыр астанасы Каирде спорттық гимнастикадан әлем кубогінің кезекті кезеңі басталды. Жарыстың алғашқы