//

«Руханият. Тәуелсіздік. Жаңғыру»

928 рет қаралды
3

2012 жылдың наурыз айының 19-ы күні Алматыда «Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры» «Руханият. Тәуелсіздік. Жаңғыру» атты қазақ интеллигенциясының форумын өткізген екен. Оған қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар т.б қатысқан. 

 Жиын модераторы мәдениеттанушы – Мұрат Әуезов. Сегіз тақырып («Қазақстанның геосаяси жағдайы», «Кеден Одағы мен еуразияшылдық», «Алаш идеясы», «Жаңаөзен», діни ахуал, т.б) бойынша ойларын ортаған салған қатысушылар арасынан біз оқырман назарына алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбайдың бір ауыз сөзін ұсынуды жөн көрдік.

Баяндамасын Алаш идеясына арнаған алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай «қазақ қоғамын, дертті» деген екен. Ал дертті қазақ қоғамына «операция жасамас бұрын» оған алдымен «дұрыс диагноз қою керек» деген пікір айтыпты. Ғалым: «Қазақстанның басты жауы – оппозиция да емес, оралман да емес, күйеуі мен баласына араша түскен жаңаөзендік әйел де емес, мемлекет құрып отырған ұлтқа қарата биліктің қолданып отырған ұлтсыздыққа негізделген саясаты» деген.  

 «Қазақстанның басты жауы – оппозиция, оралман, күйеуі мен баласына араша түскен жаңаөзендік әйел» деп қандай сұмпайы айтып жүр екен?  Егер олай болса, әлгі деттің диагнозы анық болғаны ғой. Ендеше, солай деп айтып жүрген ауызды неге тыймасқа? 

Алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай Кеден Одағы, Еуразия идеясын Қазақстанның тәуелсіздігіне төніп тұрған қауіп ретінде атаған.   

Сөз соңында баяндамашы ұлт тәуелсіздігін сақтап қалу үшін жалпыұлттық тұжырымдама қабылдау керектігін айтыпты. Біз ойлап отырмыз: Тәуелсіз ел болғаннан бергі жиырма жыл бойы біз “ұлтсыздыққа негізделген саясат ұстанып”, бағыт-бағдарсыз күн кешіп келгеміз бе? деп. Ойлан, қазақ!

Қарамер.

Мәліметтер, «abai.kz; azattyq.org» сайдтарынан алынды

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар жиырма жыл қоғамға диагноз қоя алмай, ай қарап, жұлдыз санап жүрген бе? Бұлардыкі де бос сөз. Әйтеуір сөйлей беру керек.

  2. Бұл құптарлық жай, егер атқа мінерлеріміз үні ішіе түсіп жатып алса қайтер едік, қалай болмасын ел сөзін ұстаған азаматтардың белсеніуі қаунарлық жайыт.

  3. Бұлар енді сөзді қойып, сөзге тойдық, заманның ауруы не екенін бүкіл халық біледі. Енді іскек кірісу керек. Қолбасшы керек. кері баққанда соның жоқ болып тұр ғой. Ал басқаның бәрі құр қыртымбақай!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар