Бір де бір зейнетақы жүйесі дағдарысқа төтеп бере алмады

5012 рет қаралды
1

Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі бір де бір зейнетақы жүйесі дағдарысқа төтеп бере алмады. Демографиялық проблемалар қаржы дағдарысының салдарынан да асып түсуі мүмкін. Аталған мәселенің анық-қанығын білмек болып, “Minber.kz” Дүниежүзілік Банктің Орталық Азия бойынша аймақтық өкілдігіне хабарласты. Өкілдіктің үйлестірушісі Қуат Сыдықов мәліметті растады. Аталған зерттеуді бірнеше ғалымдар бірігіп жүргізген екен. “Зерттеу жұмысының авторлары дүниежүзіндегі ешбір зейнетақы қоры дағдарысқа төтеп бере алмады деген қорытындығы келді”, деді Дүниежүзілік Банктің Орталық Азия бойынша аймақтың өкілдігінің баспасөз жұмысын үйлестіруші Қуат Сыдықов.
«Өндіріс көлемінің күрт төмендеуі және салық салу базасының азаюы зейнетақы жүйелерінің көлемін қысқартты. Сол уақытта белең алған жұмыссыздық, жалақының төмендеуі, қаржы активтерінің құлдырауы жұмысшылар мен жұмыс берушілердің салымдары есебінен қаржыландырылып келген жүйелерге әсер етті», – дейді Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша аға экономист маманы Анита Шварц.
Қаржы дағдарысы көлемі мен түрлеріне қарамастан, зейнетақы жүйелерінің бәріне әсер етті.
Дүниежүзілік банк мамандары қысқа мерзімді қаржы мәселелерін шешу үшін зейнетақы қорларына ешқандай да стратегиялық өзгерістер енгізбеуді сұрауда. Себебі болашақта бұл ұзақмерзімді жұмыстарына кері әсер етуі мүмкін.
Алайда дүниежүзілік Банк ең маңызды мәселелерді аймақтағы демографиялық ахуалмен байланыстыруда.
Еліміздегі зейнетақы қорларына да дағдарыс әсер еткен. Бұл мәліметті «Капитал» Зейнатақы Қорының Алматы бөлімінің басшысы Ілес Әуезханқызы да растап отыр. Ол: “Дағдарысқа қарамастан адамдар қорға ақша аударуда. Елімізде қазір салымшылардың қордағы ақшасы мемлекет тарапынан кепілдендірілген. Сондықтан салымшыларға алаңдауға негіз жоқ” деген пікірде.

Ал өз кезегінде Дүниежүзілік Банк сарапшысы: «Аймақ халқы қартайып бара жатқандықтан, Еуропа мен Орталық Азияның келешегі алаңдаушылық тудырады. Зейнетақы жүйелерінің алдағы дефициті ағымдағы болжамдардан үш есеге асып түсіп, 20 жыл бойы осы деңгейде тұрақтап, жағдай содан кейін ғана жақсаруы мүмкін», – дейді.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар