//

Қайдасың, шындық?

1593 рет қаралды
5

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-жазушы Зұқай Шәрбақынұлының жуықта Алматы қаласында «Ақ шағыл» баспасынан «Тылсым тірлік тағылымы» атты жыр жинағы жарық көрді. Бұған дейін он сегіз кітабын оқырманына ұсынған қарымды қаламгер поэзия мен прозаға қатар қалам тартады. Қаламы қарыштап, ойы кемелденген қарт жазушы бүгінгі қоғамға жетпістің биігінен қарап, көз алдында өтіп жатқан қым-қуыт тірліктің қиыс-бұрысын бұлжытпай бағамдап, олардың сан алуан қыр-сырын ашық әрі шынайылықпен еш бүкпесіз көркем тілмен жырына арқау етеді. Кітап бүгінгі қоғамның қай мүшесінің де айызын қандырып, көңілінен шығатынына кәміл сенеміз.

Мінбер-ақпарат

 

Қайдасың, шындық 

Ақиқаттың бәрі астарлы бұл елде,

Шындықты айту мүмкін емес біреуге.

Қоғамымның ашып айтсам шындығын,

Дегендердің түсті көбі іреуге.

 

Сездіреймін деседағы елге түк,

Шындықты айтқан министрді көрмедік.

Ала-құла күнкөрістің өзі де,

Жертөледе тірлік кешкен кем-кетік.

 

Үлкен-кіші шенеуінік дегенің,

Ағытса да уәденің көгенінін.

Сенуден де қалған халық бұл күнде,

Разы-қош болдыра алмай көп елін.

 

Қай басшыда бұрын туған шындықтан,

Алдарша оқып, Алдар айтқан жырды ұққан.

Төрелігін естиміз деп шұбап жұрт,

Жүздесе алмай, орта жолда бұрлыққан.

 

Ауызбенен жайлаған бар ай төсін,

Орындалып жатыр қазір қай шешім.

Үкіметтің өзі тіпті шындықтан

Аттап өтіп жататынын қайтесің.

 

Шындықты айтар оппазисте бедел жоқ,

Бос сөздерді сапырады берер жоқ.

Өзен, көлде су асырмас жаға бар,

Ал қоғамда өтірікте кемер жоқ.

 

Бара-бара жасырамын тегімді,

Ауызбенен орып жүріп егінді.

Шындық іздеп мен де қайда барамын,

Өтірік сөз жайлап алған елімді.

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Дәл қазір қолымызда кітаптың электрондық нұсқалы жоқ болып тұр. Қалай қолымызға түседі солай жариялайтын боламыз.

  2. Мен оқыдым, өмір шындығын өлеңмен өрген жақсы кітап.

  3. жоғарыдағы өлеңін оқып шыққаннан кейін, “Кезекті зар қаққан кітап па?!” деген ой келді. Ойым қате болар, бәлкім… Жалпы, бұл кісінің шығармашылығынан мүлдем хабарым жоқ екен,

  4. “бір түйір қанның киесі” деген әдемі кітабы бар

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар