//

Күландаға жағылған күйе ме?

1078 рет қаралды
4

Алыс шет жұртта жүрсе де алаш баласының ар-намысының ақ туына кіршік жуытпай жоғары ұстап, аты-затына сай еңбек етіп жүрген қандастарымыз аз емес. Сол аз еместер ішінде атқа мініп, ердің ісін атқарып, ел бастап, бөтен елдің білдей бір уәзірлігін басқарған әйел тым сирек кездеседі. Сондай тұлғаның бірі – Моңғолияның білім және ғылым министрінің орынбасары болған қазақ қызы Ч.Күланда екен. Бұл күндері моңғолдық интернет сайдтары Күланданың «күлін көкке ұшырып жатқан көрінеді».

Қазақ қызы Күланданы күллі ғалам тор бетіне «күйе жағып» алып шыққан не пәле? Моңғолияның алғашқы ақпараттық сайты Sonin.mn Э.Эрхэм дегеннің  «Моңғолияны ысырып қойып, Қазақстанның тіл, мәдениеті үшін қызмет атқарған министр Ч.Күланда отанын сатқан деген қылмыспен тексерілуі тиіс пе?» атты мақала жарыққа шығарып, оның мына суретін жариялаған.  Онда: «Күланда Білім және ғылым министрінің орынбасары кезінде Президент Ц.Элбэгдоржымен бірге Жапонияға барған сапарында Моңғолияны былай қойып, Қазақстан Республикасының тіл, мәдениетін зерттеу бағытында ерекше бастама көтеріп, өзінің мемлекеттік министрі қызметін атқарып отырған елдің ат-абыройын түсіргені туралы баспа сөзде біраз айтылғанды.

Экс-министр орынбасары Ч.Күланда бұ сөзді жоққа шығарып, «бұл маған жабылған жала, жаққан күйе» деп басын алып қашқанымен сол жолы сондай сөз болғанын куәландыратын  жапон зерттеушісі Кимүра Аяаконың ресми хаттын sonin.mn  кеше жариялады. Ал енді сол хатты оқиық:

«құрметті министр орынбасары бізді өте жылы шыраймен қабылдады. Біздің мектебіміз (университет) жөнінде өзі бірінші болып сұрады. Мен өте қуанып Күланда министрдің көркем мінезіне таңдандым, мектебіміздің моңғол тілінің пәні туралы және Жапониядағы моңғолтанудың жай-жапсарын айттым. Құрметті министр маған қолымнан келері болса көмектесемін деп жақсы лебіз білдірді. Сонан соң құрметті министр орынбасары менен «Қазақ тілі пәні бар ма?» деп сұрады. Моңғолияның министрнің орынбасарымен моңғол тілінің келешегі туралы айтып тұрғанда оның менен қазақ тілі туралы сұрағанына қатты таңқалдым. Ол кісінің ұлты қазақ болғандықтан қазақ тілі жөнінде сұрағаныны жөн еді. Бақаша қалай болады. Мен «қазақ тілінің пәні біздің мектепте бар-жоғы жөнінде жақсы білмеймін» деп жауап бердім.  Құрметті министр орынбасары «Білмеймін дегеніңіз бекер шығар. Сіздердің мектептеріңізде қазақ тілінің бөлмесі бар ма? Қазақ тілі пәні бар емес пе? Кім сабақ үйретеді?» деп сұрады. «Шынымен  білмеймін. Әлде кім үйретіп жүргені мүмкін болса да мен білмейді екенмін» дегенімде «Неге білмейсің?» деді. Мен «Қазір біз моңғол тілі туралы айтып тұрғанымыз ғой, қазақ тілі туралы мен білмейді екенмін. Қазақ тілі пәні болуы мүмкін. Бірақ мен шынымен жақсы білмеймін. Біздегі үшінші шет тілдері ішінде қазақ тілі жоқ. Әлдде кім үйретіп жүрген шығар. Мен оны білмейді екенмін. Қазақ тілі пәні тұрақты пән ретінде ашылмаған болуы мүмкін» дедім. Мен тап солай дедім. Сонда министр орынбасары «Неге білмейсің? Қызық екен? Сіздердің мектептеріңізде қазақ тілі пәні неге жоқ екен? Қазақ тілі пәні бөлмесін ашпай ма? Қазақтану қажет қой. Сіздер қазақ тілі бөлмесін ашсаңыздаргшы» деген. Мен: «мен оны қайдан білейін, қандай тілдің бөлмесін мектеп білед ғой. Менде ондай ерік-құқық жоқ. Ал бөлме ашу да оңай шаруа емес. Мектебімізде моңғол тілінің бөлмесі ашылмай тұрғанда қазақ тілі бөлмесі туралы айтып қайтесіз, Сіз? Мен көп жылдан бері моңғол тілінің бөлмесі ашылса деп армандап ат салысып жүрген адаммын ғой. Моңғол тілінің бөлмесі ашылмай жатып, маған қазақ тілінің бөлмесі туралы айтып қайтесіз» дегенімде құрметті министр орынбасары Күланда «Сіздердің мектептеріңіз қалайша қазақ тіліне мән бермей отыр екен. Қазақстан Моңғолиядан үлкен ғой» деді деп болған жайды толық баяндаған екен». 

Моңғолияның мемлекеттік қызметі туралы заң мен үкімет орыны туралы заңды табанына таптаған бұ қатын алдағы Жоғары Ұлы Хурал сайлауында депутаттыққа атын ұсынбақ. Соның үшін алдына ала тиісті заң орындары оның отанын сатқан қылмысы бойынша тексеру керек екендігін  баяндап жаздым.

Э.Эрхэм

Моңғол тілінен тәржімалаған Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Қазақ пен жапон арасындағы мәдениет мәселесін Күлдан шешпейді. Бірақ, бұл сөз қай жерде, қандай жағдайда айтылды. Хаттамаға енді ме, енбеді ме? Мүмкін шәй ішіп отырып сұрап қалған шығар. Ал егер респи мәселе болса Күлдандікі әбестік екен. Бірақ моңғолдардың сары баспа сөздері ойына келгенді оттай береді. Оларда шектеу деген жоқ. Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан болғанға не жетсін.

  2. олар оттаса да ойлы, орынды оттайды, нәтиже шығарады. бізше…

  3. Қазақстандағы тіл мен дінімізді дұрыстай алмай жүрген біздер Монголиядағы Күланданы қалай жақтамақпыз….

  4. Былай қарағанда бұл ресіми кездесуде емес, былайғы кезде айтылған сөз көрінеді! Бұл сөзден ханымның қызмет етіп жатқан мемлекетке де, туған халқына да қызмет еткісі келетін шын жанпоз жан екені көрініп-ақ тұр екен! Кіналау да артық секілді моңғыл елі үшін!

    Ал енді ресіми кездесуде айтылса “абес” деген сөз орынды.

    “Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан болғанға не жетсін” деген сөз кейде шек баса бермейді. Халыққа қызмет үшін Күланда ханым шыққан биік мінбер көбінде сөзсіз керек!
    Құл-Керім ЕЛЕМЕС

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар