///

Елімізде 76 мың бала мектеп-интернаттар мен балалар үйінде

1218 рет қаралды

Елімізде 76 мыңнан астам бала мектеп-интернаттар мен балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр.

Бүгін 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Парламент Мәжілісінде «Заңнама және тәжірибедегі қазақстандық балаларды жан-жақты қорғау жолында» атты тақырыпта өтіп жатқан халықаралық конференция барысында депутат Дариға Назарбаева осылай мәлімдеді.

«Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі балаларды қоса алғанда 12 мыңнан астам бала интернат типіндегі мемлекеттік мекемелерде тәрбиеленіп жатыр. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш ТМД шеңберіндегі жан басына шаққандағы аса жоғары көрсеткіш болып табылады»,-деді Д. Назарбаева.

Оның айтуынша, аталған балалардың тек 4,1 ғана жетімдер. Ал, басым бөлігі тұл жетім емес, әкесі не шешесі бар. «Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде қазіргі таңда 11 мыңнан астам қолайсыз отбасылар тіркелген. Осы отбасыларда 17 мыңнан астам балалар тәрбиеленуде»,-деді ол.

Дереккөз: “ҚазАқпарат”

Сурет: depzdrav.gov.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар