///

«Сенім.Білім.Өмір» РҚБ экстремистік ұйым деп танылды

1981 рет қаралды

Шығыс Қазақстан облыстық соты «Сенім.Білім.Өмір» қоғамдық бірлестігін экстремистік ұйым деп таныды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
«2012 жылдың 7 маусымында Шығыс-Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен облыс прокурорының талап арызы бойынша «Сенім.Білім.Өмір» Республикалық қоғамдық бірлестігін экстремистік ұйым деп тану, оның қызметіне тыйым салу және мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданды», деп жазылған хабарламада.
Мекеменің ақпаратына қарағанда, аталған бірлестіктің басшылары мен белсенді мүшелері осыған дейін Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының 2011 жылдың 19 қазанындағы үкімімен әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

«Осы күшіне енген сот үкімімен аталған бірлестік мүшелерінің діни араздықты және алауыздықты қоздырумен, азаматтарды ұрлаумен және оларды заңсыз бас бостандығынан айырумен ұштасқан экстремистік қызметі расталған», деп қорытындыланған хабарлама.

Дереккөз: bnews.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар