//

Назарбаевтың “интернеттегi қорғаушылары”

876 рет қаралды

“Әдiл сөз” сөз бостандығын қорғау ұйымы “Қазақстан президентiнiң саяси, адами беделiн, ар-абыройын қорғауды мақсат ететiн” интернет-қауымдастығынан “ерекше” хат алғанын жазады. Бiрақ хатта аттары аталған мекемелер ондай қауымдастықты бiлмейтiнiн айтады.

“Қайырлы күн, сiздерге “Kazakhstan Online” интернет-қауымдастығы жазып отыр. Бұл қауымдастық Қазақстан Республикасының президентi – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың саяси, адами беделiн, ар-абыройын интернет кеңiстiгiнде қорғауға бағытталған. Ұйымыңыз ниеттестiк танытып, төменде көрсетiлген есепшоттардың бiрiне терминал арқылы ақша құйып, қаржылай көмектесе алады” деп жазады белгiсiз ұйым. Мұнан кейiн “интернет-қауымдастық өкiлдерi” “қаржылай көмек берiп, ниеттестiк танытқандардың” тiзiмi президент әкiмшiлiгi мен “Самұрық–Қазына” ұлттық әл-ауқат қорына жiберiлетiнiн “ескертедi”. Бұл “қауымдастық” туралы бiлмек болып, әуелi Қазақстан президентiнiң әкiмшiлiгiне хабарластық. Баспасөз қызметiнiң өкiлi Қанат (фамилиясын айтпады):
– Бұл – өздерiнiң жеке бастамасы. Себебi бiзге ешкiм мұндай бастама айтып келген жоқ. Бiз бiреуге “жасаңдар” деп айтпаймыз ғой. Бiзбен келiсiлмеген, – дедi. Президент әкiмшiлiгiнiң баспасөз өкiлi сөзiнiң соңында ресми өтiнiш жiберу қажет екенiн айтты. Алайда ресми өтiнiш жiбергенiмiзбен, оған әлi жауап келген жоқ. Мұндай ресми сауалды “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорына да жолдаған едiк.  Қордың жұртшылықпен байланыс департаментiнен:
– “Kazakhstan Online” аталатын қауымдастықтың Қорға еш қатысы жоқтығын және онымен ешқандай байланыстың болмағанын хабарлайды, – деген жауап алдық.
Өткен аптада “Қазақстан президентiнiң ар-абыройын қорғауды мақсат ететiн” интернет-қауымдастық өкiлдерi көрсеткен электронды адреске де хат жiбергенбiз – одан әлi күнге дейiн жауап келмедi.
Дереккөз: “Жас Алаш”
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар