Астанада астана күніне орай қазақтың ғұламасы, ақын-философы, дәстүрлі наным мен мұсылман дінінің басын біріктіруші ұлы мәртебелі Қожа Ахмет Иасауидің атында «Хазірет Сұлтан» мешіті ашылды. Бұл еліміздің ең үлкен мешіті болмақ. Қазақи ою-өрнектермен безендіріліп, араби архитектуралық келбеттін сақтаған. Сиымдылығы да біршама, бір жолда он мың адам мінажат жасауға болады екен.
Мешіттің орталық күмбезінің биіктігі 51 метр, диаметрі 28,1 метр, ал қалған сегіз кіші күмбездердің диаметрі 10,45 и 7,6 метр, ғимараттың жалпы ауданы17 мың 700 шаршы метр аумақты алады. Мінбер-ақпарат
Парақшамызға жазылыңыз
Аллаға шүкір, бізде де осындай зәулім мешіт салынды. Барша мұсылман қауымның қуанышына ортақпын. Қазақстан гүлденіп келеді, гүлдене береді. Өйткені, өскелең ұрпағы мұсылмандықтың нәрін татып жатыр…