«The Economist» басылымында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің лайықтылығына қатысты мақала жарияланды.
«The Economist» журналы Қазақстанның еуропалық ұйымға төрағалық етуіне екі апта уақыт қалғанын хабарлауда. Шетелдік басылым Қазақстанның Еуропа қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына төрағалыққа қаншалықты дайын екеніне назар аударады. Әдеттегіндей шетелдік басылымдар, Қазақстандағы сөз бостандығы мен адам құқығына назар аударған. «Қазақстанда соңғы кездері адам құқы мен сөз бостандығы жақсы деңгейде емес», – дейді The Economist.
Бастапқыда АҚШ пен Ұлыбритания Қазақстанның ЕҚҰЫ-ға төрағалық етуіне қарсы болған. Бірақ ұйымға мүше өзге елдердің қазақ қоғамында жағдай жақсара түседі деген үміттері басымдыққа ие болды.
«Қазақстанның төрағалығына қарсы болғандардың үміті ақталмады. Себебі Қазақстан Еуропалық ұйымға төрағалық еткен соң біз оларға қысым жасай алмаймыз» дейді.
Алайда, Freedom House ұймының өкілі Ива Добичина, “The Economist” басылымына берген түсініктемесінде:
«Қазақстанда қазіргі келеңсіз жағдайлар экономикалық дағдарыс салдарынан болып отыр. Төрағалыққа жайғасқан соң, Еуропралық ұйымға мүше мемлекеттер Қазақстандағы жағдайды үнемі назарда ұстайды»
деп жұбатуда. Қазақстан келер жылдың қаңтар айынан бастап ЕҚҰЫ-ға төрағалық етпек. Қазақстанның алғашқы жұмысы ретін Украинада өтетін сайлаулармен басталмақ.
«Экономист» басылымы мақаласының соңын қызықты оймен аяқтаған: “Қазақстанның ЕҚҰЫ-ға төрағалық етуі оның Халықаралық имиджиіне оң әсер етеді. Алайда Қазақстан ЕҚҰЫ-ның имиджінің оң қалыптасуына қаншалықты жағдай жасайтынын уақыт көрсетеді” депті.
Асхат Сәрсенбайұлы
Парақшамызға жазылыңыз