///

Лондон: Төртінші алтынға да жеттік!

2684 рет қаралды
4

Светлана Подобедова – қазақтың үкілеп қосқан тағы бір саңлағы жеңіс тұғырынан көрінді. Мемлекеттік Ән ұранымызды төртінші рет Лондон төрінен қалықтатып, төртінші рет Туымызды желбіретті. Бұны тамашалап отырған сан миллиондаған қазақ жанкүйерлерінің көңілі ерекше тебіреніп, жанары жасқа еріксіз толған шығар.

Сөйтіп, қазақ ауыр атлетикасы, соның ішінде қыздар, соның ішінде Владимир Нидің аты тарихта алтын әріптермен жазылатын болды.

Светлана Подобедова бұған дейін екі мәрте әлем чемпионы атанған еді. Олимпиада кезінде жұлқа және серпе көтеру бойынша оның жалпы көрсеткіші 291 килограмға жетті. Серпе көтеруден спортшы олимпиада рекордын жаңартты.

http://www.youtube.com/watch?v=ekH-ReW9HfQ

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Еңбектің зейнеті бар деген осы. Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей. Кейбір сайттарда жұдырықтасуда біздің тренерлер нашарлап кетті, бос белбаулар көбейді десіп жатыр. Сол сөз рас болса жаман болады.

  2. олимп барысының коментаторлары кешегі күйреп, күлі көкке ұшқан Кеңес кезеңін көп сөз қып отырады. Соған қатты таң қалып отырмыз. Мына жастардың қанында әлі микроп бар ма деп.

  3. Оны тұлыпқа мөңіреу деп атайды. Мен де соны байқап, зығырданып қайнап отырады. Құлдық санадан қай заманда арылар екеміз деп.

  4. Мінберліктер мықты екен, жаз бойы сайтты үзбей жүргізіп отырды. Бұлар демалысқа шыққан да жоқ. Ал кейбіп сайттар “біз демалысқа шықтық” деп жазап тьастап жоғалды. Мінберге размет, қыпшақтар елінен.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар