//

Өлгендер жауап бермейді

781 рет қаралды
2

 «Жаман айтпай жақсы жоқ» деп қазақ өзін-өзі жұбатып қоятыны тағы бар. Атың өшкір жамандықты ауызға алғың келмесе де арқаң шымырлап, төбе шашың тік тұрып амалсыздан айтады екенсің. Соңғы кездері алаш баласы «ананы атып кетіпті, мынаны шауып кетіпті» деген сөздерді жиі, жиі болғанда күн құрғатпай еститін болды. Бұрын «өлім» деген сөздің өзін айтудан ат тонын ала қашып, адам тұрыпты малына шапқан қасқыр екеш қасқыпдың атын атамай «ит-құс» деуші еді, қазір адамның құны көк тиын болғаны сондай барады да ата салады, өртей салады. Міне, жуықта ғана Ақсай шатқалында Алматы облысында 11 адамның мәйті табылды. (Суретте: қорықшы  – Панойот Захаропуло) 

Белгілі болғандай, қылмыстың себептерін анықтау үшін тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Құқық қорғау органдарындағы дерек көздің мәліметіне сенетін болсақ, табылған денелердің кейбіреуінен дене зақымдары мен пышақ жарақаттары анықталған. Алайда, бұл мәлімет әлі ресми түрде расталмады. Алдын-ала берілген ақпарат бойынша, өлі денелерді жергілікті қорықшы тапқан. Істің мән-жайы анықталуда.

Оқиғаның мән жайын әркім әр саққа жүгіртуде. «Экстремистiк топтар болуы мүмкін», «контрабандашылардың қатысы болуы мүмкін», «Мүдделер  қақтығысы болуы мүмкін» сияқты ұшықұйрығы жоқ көп мүмкінен кейін Арқанкерген шекара бекетінде 16 адамды жалмап кеткен оқиғамен байланыстырып, енді екінші Челах кім болады деген сұрақтарда жиі туындауда. Мұндай сан сауалдың туындауына біздің күш құрылымдарының әлсіз әрекеттері де дем береді. Өйткені олар соңғы кездерде «лаңкестік жасамақ болуы мүмкін күдіктілер» деген желеумен қарауылға ілінгендерді қырып тастап жатыр. Мәселен, мұндай оқиға 2012 жылдың 11 шілдесінде Алматы облысының Таусамалы кентінде орын алды. Белгіленген тәртіппен дереу жақын тұрған үйлердің тұрғындарын эвакуациялау жасаған. Осыдан соң террористерді залалсыздандыру бойынша операция жүргізілген. Ал тамыздың 17 күні таңертең арнайы қызмет сарбаздры Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Таң саяжайында қарулы қылмыскерлемен атысып, 9 адам оққы ұшты деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Бас прокуратура қаза болған күдіктілерді террористер деп атап, оларды Таусамалында болған жарылысқа себепкер деп отыр. Бірақ, Іле-Алатау ұлттық бағындағы 11 адамның өліміне қатысы жоқ деп ашық мәлімдеді.

Осы аталған оқиғаларға қатысты бірде бір қылмыскер ұсталып, қолға түскен жоқ. Не топ-тобымен қырылып қалғаннан кейін полицейлер у-шу болып, сүрен салып, құдды кинодағыдай соңынан шапқылап қызыл жінік болып жүргені. Не барса қырылып қалыпты, не өздері қырып тастайды. Тірі бір жан қолға түспейді. Қанды соғыс жылдарында да бораған оқ астынан тұтқын әкеп жатушы еді.

 Өлген адам қайтып келмейді, жауап бермейді. Ал сонда оны, ол жау болса да өлтірген адам жауапқа тартылуы керек емес пе? Жауды жойса ол мараптталу тиіс  емес пе? Ондай елін, жұртын, отанын жаудан қорғаған батырды олимпиадашылардан да артық аспанға көтеріп неге даңқын асырмасқа? Ондай жоқ. Бәрі құпия, із-тозсыз, соза-соза тозып жоғалады. Жоқ, ол жоғалмайды халықтың жүрегінде қара дақ, үрей болып ұялап қалады.

Есен Байнұр

 

 

 

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар