«Менің қолыма 1,5-2 мыңдай шежіре түсті. Оның ішінде кейбір шежірелер былай басталады. «Мен өзім бір ғасырға куә болдым. Тағы бір ғасырға куә болғандардың сөзін естідім. Менің бойымда екі ғасырдың ақиқат сөзі бар». Ал екі ғасырлық тарихы жоқ елдер бар. Екі ғасырлық ақиқат сөз шежіреде тұр. Оның үстіне соңғы екі ғасыр қазақ тарихындағы өте тағдырлы ғасырлар болды. Демек, шежірелік айғақ-деректі көз көре отырып, оны қорытып, пікір білдірмеу менің рухани бағыт-бағдарым үшін қылмыспен пара-пар шаруадай еді…
Мен тұңғыш рет қазақ ру-тайпаларының этникалық бөлік емес, бұл әкімшілік-аумақтық, территориялық бөлік екенін қолмен ұстатқандай дәлелдеп отырмын. Демек, жүзге бөліну деген сөз барып тұрған ақымақтық, төл тарихын білмеушілік болып шығады…»
Ақселеу Сейдімбеков
Ақселеу әлемi
Ақселеу Сейдімбектің қаламынан «Күзеуде», «Қыз ұзатқан», «Ақ қыз», «Біратым насыбай», «Ақиық», «Атамекен», «Алпамыс батыр» атты хикаяттар әдебиет әлеміне жол тартты. «Тауға біткен жалбыз», «Рамазан мерген», «Қақпаншы», «Көңіл шіркін», «Зерде», «Олжа», «Аңшы өтірік айтпайды», «Айқас» деген әңгімелер жазды. «Бақыт», «Бақ, Дәулет және Аман», «Әйел-Ана», «Махаббат», «Батпан құйрық», «Серілер мен перілер», «Қосаяқ», «Емші», «Бай, байғұс және би», «Бетпақдала»,»Бір түп жусан», «Ақ ешкінің шағымы», «Ағыбай батыр» деген ертегілерді туындатты. «Абылай хан», «Күннің қызы Күнікей», «Аққыз» атты киносценарийлер, «Солдаттың оралуы» деген либретто жазды. «Ойсылқара», «Қаныш берген қарындаш», «Жұлдыздар із тастап кетеді», «Сонар», «Шоқан Уәлиханов – публицист», «Батырдың анасы», «Күз ырғақтары» деген жиырма шақты очеркті өрнектеді. Ақселеу Сейдімбектің есімі зерделі өнер зерттеушісі әрі өрісті өнер иесі ретінде халқымызға кеңінен танылды. Қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін тұғыр ете отырып, «Сарыарқа», «Дәурен-ай», «Толғау» сияқты ұлт рухын көтеретін тамаша әндер шоғырын дүниеге келтірді. Өзі де күй тартқанда кез келген дәулескер күйшіден қалыспайтын жан еді.
Жаза берсе, талай жауһар дүниені өмірге әкелетін еді. Неге осы бір жазушылық кәсіптен күрт бұрылып, зерттеушілікті, ғалымдықты таңдады? «Ұлт алдындағы парызымды өтеудің өзге жолын таңдадым»,– деп ағынан жарыла айтқан сырын Ақаңның бұдан кейінгі қазаққа берген толымды туындыларын қолға алған кез келген қазақ терең түсінеді деп ойлаймын.
Ақселеу ағаның үзеңгілес серігі, жан жалауы Қойшығара Салғариннің мына бір сөзі Ақселеу Сейдімбектің бүткіл өмірлік қағидасын мейлінше аша түсетіні анық.
– Ақселеу Сейдімбектің азамат ретіндегі болмысын айғақтайтын айқын қасиеттерінің ең бастысы – оның жалтақсыз ұлтжандылығы. Бұл ұлтжандылық – әйтеуір, бір ұлтқа тиесілі болғандықтан қиқуға ілесетін пендешіліктен ада, халқының қадір-қасиетін терең танып-түсінуден туындаған құрбаншыл ұлтжандылық. Содан да болуы керек, ол өзінің ғылыми-шығармашылық ізденістерінде ұдайы ұлттың рухани дәулетін еселеп, бұрын із түспеген соныға құлаш ұрып, жаңалыққа жаршы болып, әсіресе, халық мұрасының еленбей жатқан сырларын түгендеп отыруға айрықша құштар. Ол үшін қазақ ұлтының тарих аясындағы болмыс-бітімі біртұтас киелі жаралым. Содан да болар, оның ғылыми-зерттеу еңбектері бүтін қалпында парықтауға арналып отырады. Бұл ретте Ақселеу Сейдімбек еңбектерінің ұдайы «қазақ» деп басталып отыратыны да көп жайтты аңғартса керек: «Қазақ әлемі», «Қазақтың қара өлеңі», «Қазақтың күй өнері», «Қазақтың ауызша тарихы», «Қазақтың эротикалық фольклоры», т.б. Сөз жоқ, осы аталған еңбектердің қай-қайсысы да тегеурінді де тың ой-тұжырымдарымен қазақтануға олжа салған, ешқашан ғылыми-танымдық мәнін жоймайтын өміршең дүниелер.
Ақаңның жазушылықтан ғылым саласына дендеп бет бұруы ұлт үшін үлкен олжа болғаны айқын. Көркем дүние де керек әрине. Әйтсе де бар ғұмырын қазақтануға арнаған Ақселеу Сейдімбектің «ешқашан ғылыми-танымдық мәнін жоймайтын» салаға саналы түрде білек сыбана кірісуі тегін таңдау емес-ті.
Қанаттас, қаламдас серігінің шығармашылық және ғылыми еңбектерінің бедерлі тұстарын Қойшы-екең былайша жүйелейді: Ақселеу Сейдімбек бұрын жиналмаған да зерттелмеген қара өлең мен күй аңыздарын алғаш рет рухани айналымға түсірді; алғаш рет қазақ эпостарының қара сөзбен насихатталуына мұрындық болды; алғаш рет Гомер туындыларын қазақ оқырмандарына таныстырды; алғаш рет тарихты жеке тұлғалар арқылы зерттеу идеясына ден қойды; Қазақстанда этнографиялық және этнологиялық ізденістердің жандануына ықпал етті; сөйтіп, көшпелілердің төлтума мәдениеті деген категориялық ұғымның орнығуына тегеурінді үлес қосты; қазақтың музыкалық мәдениетінде бес мектептің барын алғаш рет саралап танып, олардың даралық сипаты мен типологиялық тұтастығын айғақтап берді; қазақтың ән өнерінің тарихи-эстетикалық қасиетін алғаш рет кешенді қалпында танытуды мақсат еткен телехабарлар сериясын жасады; қазақтың ру-тайпалық жүйесін алғаш рет тарихи-этнологиялық, әлеуметтік-саяси және мәдени-рухани аяда зерделеп, қазақ шежіресінің қазақ тарихына қатысты түпдеректемелік мән-маңызын ашып берді; әр қилы пікір-бағаға қарамастан, халық мұрасы ретінде алғаш рет қазақтың бейпіл сөздерін жинап, оның ғылыми басылымын жарыққа шығарды; белгілі тұлғалар өмірінің ғибратты сәттерін жинақтауға себепші болған «…деген екен!» айдарын бастап берді. Сөз жоқ, мұның бәрі де халықтың рухани дәулетін сабақты жібіне дейін түгендеуді мұрат тұтқан ұлтжанды азаматтың қам-қарекеті екені кім-кімге де күмән келтірмесе керек. Осындай қасиеттерінің арқасында оның есімі халық арасында айрықша құрметке ие.
Қойшығара ағаның осы пікіріне ден қоя отырып, біз Ақселеу Сейдімбектің жалғыз өзі тұтас бір ғылыми-зерттеу институтының шаруасын атқарғанына куә боламыз. Халық Ақаңды айрықша қастерлеп, ардақ тұтса, ең алдымен оның өз ұлтын өлгенше сүйгені үшін, халқының мол мұрасын шыр-пыры шығып қорғағаны үшін, өшкенді жандырып, өлгенді тірілтуге деген жанкешті еңбегі үшін ардақтап, әспеттейді. Көркем сөздің зергері Әбіш Кекілбайұлының Ақселеу дүниеден өткенде: «Ұлан-ғайыр сахарамызды түгел шолып, ұлан-асыр сыр-сипаттарымызды тегіс қамтып, қат-қабат тарихымызды терең қаузап, дүлдүл оймен, ділмар тілмен толғайтын ғұлама ғалым, сұңғыла білімпаз, сүлей суреткер – қайран Ақселеу, енді жоқ.
Атар таңның жарығы жаңа-жаңа себездеп, айналаны толтыра бастағанда ай маңдайы жарқырап, аққан жұлдыздай көзден ғайып болады деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмепті.
Алапат төсін айқара жайып, күректей саусақтарын салалай тарақтап, әр сөзін саралай салмақтап, шалқая қарап, шабыттана сөйлеп тұрғаны күні кеше ғана емес пе еді?! Қашанғы қара домбыра мен иірімі мол қыл қобыздың көмейіндегісін, құймақұлақ кәриялардың көкейіндегісін төгіп-шашпай түгел жинап, енесінің бауырына сүңгіген ашқарақ қошақандай қомағайлана бас сұғып, күрпіте сораптап, талмай еміп, жебей сауып, ештеңе қалдырмай, ақтап-қақтап, әбден сарыққан соң байыппен пайымдап, саралай салмақтап, әбден сораптап еді-ау шіркін!… Тілімен бал емізгендей еді. Жүрегінен күн көрінгендей еді. Оның кең қарымды, тың серпінді, тынымсыз ізденіске толы тарихи зердесі өзімізді дүние танып, өзгелерді дұрыс бағамдаудың асқаралы шыңдарына шығып, бұрын-соңды батылымыз бармаған ұшы-қиырларын еркін самғай бастап еді. «Қазақтың күй өнерін», «Қазақтың ауызша тарихын» аяқтағалы бері мойнынан батпан жүк түскендей болып, ешкісі тауға жайылғандай емін-еркін жүр еді… Ойдағысына жеткендей еді, ел алдындағы парызын, ақтағандай еді!.. Маңғыстаудың қалғып жатқан қара ойы мен сағым шалып, мұнарға батқан ақ шыңдарын селт еткізіп, өзіне қаратып, көсілте жөңкіліп, талайды көріп, талайды біліп үлгерген тарлан басын сәндене шайқап, сырбаздана күлімсіреп еді-ау сабазың.
Алаш аруағы мен қазақ рухының қайта тіріліп, қайта оянып, қайта қалыптасып келе жатқан шағында ұлпа сезімімізге қаяу түсірген қаза болды ғой бұл!
Есімізден тандырып кетті. Жер жастандырып кетті. Өкініште қапы жоқ.
Жер бетіне келіп-кеткеніне, аз күн дәмдес, мұңдас-мүдделес болғанымызға, бірге жүріп, бірге тұрғанымызға тәубе дейміз.
Қазақ санасында оның өлмес-өшпес іздері жатыр жосылып…
Қиырға шарлатып, қияға самғатып…Қазақта сал қандай болады? Ақселеудей болады. Сері қандай болады? Ақселеудей болады. Би қандай болады? Ақселеудей болады. Батыр қандай болады? Ақселеудей болады. Пір қандай болады? Ақселеудей болады. Қазақтың жақсысы мен жайсаңының бәрі қандай болады? Ақселеудей болады. Қазақтың қатепті қызыл нары қандай болады? Ақселеудей болады. Бәрінің орнына бір ғана Ақселеу жүре алады. Ал Ақселеудің орнына кім жүре алады? Ешкім де емес, тек Ақселеудің өзі жүре алады», – деп күңірене сөйлеуінің мәнін енді ұғынғандаймыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Белгілі қаламгер және этнограф ғалым, халқымыздың үлкен жүректі, ұлтжанды азаматы, Ақселеу Сейдімбектің кенеттен өмірден озуына байланысты, орны толмас ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Ол жан-жақты дарын иесі ретінде өзінің бүкіл білімі мен қажыр-қайратын туған халқының мүддесіне бағыштап, мейлінше мақсатты әрі жемісті еңбек ете білген аса айтулы тұлға еді. Сол себепті, төл мәдениетіміздің жаңғырып, өсіп-өркендеуіне мол үлес қосып, өзінің айшықты ізін қалдыра білді. Еңбегімен халқымыздың зор құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленді. Онымен жастай танысып, өзара сыйлас, пікірлес болғанымды ұмытпаймын. Ұлт руханиятының үлкен жанашыры әрі шынайы жоқтаушысы болған ардақты азаматтың еңбегі мен жарқын дидарын халқымыз әрдайым жүрегінде сақтайды деп сенемін», – деген көңіл айту сөзінде де дара болмысты текті тұлғаны тану мен мойындау, халық үшін қаламгерлік, зерттеушілік, ғалымдық дарынын сарқа жұмсаған Сейдімбекұлының өлшеусіз еңбегін бағалау жатқаны айдай анық. Еуразия университетіндегі азалы жиынға Елбасының арнайы келіп, жастайынан таныс, сырлас болған досын ақтық сапарға шығарып салуы кездейсоқтық емес. Ақселеу аға жазушылыққа журналистикадан келді. Ақселеу Сейдімбек Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған соң, республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі жалпыұлттық «Егемен Қазақстан») газеттерінде, сондай-ақ түгел елге тараған «Зерде» журналы мен «Әлем» альманағында жұмыс істеген болатын. «Лениншіл жастың» тілшісі, «Орталық Қазақстан» газетінің қызметкері болып жүргенде Теміртаудағы металлург Нұрсұлтан Әбішұлымен танысып, кейіннен таныстығы елдік мұраттар тұрғысында тізе қосып жұмыс істеуге себеп болған достыққа ұласқан еді. Елбасының «Онымен жастай танысып, өзара сыйлас, пікірлес болғанымды ұмытпаймын», – деуінің үлкен мәні бар. Елордасы Астанаға ауысқанда алты алаштың төбе биіндей үш тұлғаға Елбасы ерекше ілтипат білдіріп, батагөй ақсақалдардың қатарына қосса, халқымыздың аяулы ұлдары Мырзатай Жолдасбеков, Әбіш Кекілбайұлымен бірге Ақордада аяғын алшаң басқан Ақселеу Сейдімбек еді.
«Қазақтың ауызша тарихы» деп аталатын ақырғы еңбегін жазуға Ақаң барлық күш-жігерін, қабілет қарымын, білімі мен білігін жұмсады. Бірде Астанаға жол түсіп, Ақаңа сәлем беруге барғанымда кабинетіндегі компьютерге бар ынты-шынтысымен төне түсіп отыр екен.
– Осы кітап мені жеп қоя ма деп қорқамын. Жаным ұяда болса, мынау Иманғали берген үйде отырып, осы бір дүниені аяқтап тастауға ниет етіп отырмын. Бұны мен істемесем, кім істейді? Қаншама дерек жинақталды. Соның бәрін жүйе-жүйесімен ретке келтіріп, тәптіштеп шығу орасан күшке түсіп жатыр. Кез келген туындыны жазу үшін өзімнің арнайы қолданатын әдісім бар. Ол «кілт» деп аталады. Мысалы, «Қазақтың күй өнерін» жазуды осы әдіс арқылы бітірдім. Ал оны мен марқұм Лев Гумилевтен үйрендім. Бір жолы Мәскеуге барып, өзімнің ғылыми жұмысымды көрсеткенімде, оның есі шығып кетті. «Ой, батыр-ау, осылай да адам өзін қинауына бола ма? Мына деректерден адам адасады ғой. Тіпті, жынданып кетуге де болады ғой. Әй-әй, ай! Осылай да бола ма екен? Мынау не деген бейнет!», – деп басын шайқап-шайқап отырды да өзінің қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Міне, қара. Мынау «Қазақтың күй өнері». Енді мынау кілтті қара», – деп ағатайым маған мұқият түптелген қолжазба кітапты көрсетті. «А» деп басталады. «Абай» деген сөзден кейін кілең шифр. Нақ бір барлаушының дәптері сияқты. «Ал енді не түсіндің?» – деді Ақаң. Мен еріксіз басымды шайқадым. «Міне, мен болмасам мынаның бәрі әшейін цифр болады да қалады. «Қазақтың ауызша тарихы» да тап осы сияқты. Бұны мен бітірмесем, басқа ешкімнің де тісі батпайды», – деп еді.
Президенттік мәдени орталықтың директоры болып қызмет атқарған Мырзатай Жолдасбеков те Ақаңның ақырғы еңбегі туралы сөз ете келіп:
– Осы кітаптан кейін Ақселеу маған айтып еді, Мырзеке, қазір тіпті саусағым да жауыр болды. Енді тіпті қалам да ұстағым келмейді, қағаздың да бетіне қарағым келмейді деп жүретін. Ойпырым-ай, ол кезде мән бермейміз, енді ойлап қарасақ, тіпті соның бәрін бітіріп кетейін деп жанталасып осыншама қыруар еңбекті жазған сияқты, – деп сыр ақтарған болатын.
Қолға алған ісіне жанын сала кірісу, бастаған жұмысын аяқтау, әрбір дерекке мұқият болу, жалпы қағаз атаулыға деген құнттылықты қай-қайсымыз да Ақселеу аға Сейдімбектен үйренсек абзал.
Ақаңның рухани інілерінің бірі Сауытбек Абдрахманов Ақаңның қағазға ұқыптылығы туралы былай әңгімелеп бергені бар: «Сырт көзге сал-серінің салтымен салқам жүргендей көрінетін Ақселеудің қағазға ұқыптылығы да бөлекше еді. Өткен жылы Орталық мұрағатта Ақселеу Сейдімбек өзі көзі тірісінде өткізіп кеткен құжаттардың көрмесі ұйымдастырылды. Ақаң мұрағатқа 3 мыңнан астам құжат тапсырған екен, соның 700-ден астамы жазысқан хаттары. Жиналған жұрттың назарына 250 құжат ұсынылды. Үйіне барсаңыз кітап сөрелерінің үлкен бір бөлігі қаз-қатар тізілген папкалар болатын. Тақырып-тақырыпқа бөліп, үлкен әріптермен таңбалап тастаған. Газеттен қажет мақала көрсе де, кітаптан керек дерек тапса да тап-тұйнақтай етіп соған тігіп не жазып қояды. Мақала не зерттеу еңбек қолға ала қалса, жаңағы папканы ашады да әлгі материалды қалауынша пайдалана береді. Дүниеден өтерінен бір жылдай бұрын үйіне барғанымда кітаптың көптігінен ауызғы бөлме жаққа арнайы сөрелер жасатқанын көрдім. Еденнен төбеге дейін тірелген жаңағы сөрелердің бәрі ру-тайпаларға арналған папкалармен толтырылған. Қазақ шежіресіне қатысты мың-мың парақ қағазды жылдар бойы ерінбей-жалықпай жинағанының, соның бәрін жүйелеп отырғанының арқасында Ақаң «Қазақтың ауызша тарихы» атты кәдуілгі кітап көлемімен мың беттей болатын ең соңғы, ең басты еңбегін аз уақыттың аясында жазып тастаған».
Ақселеу аға Алматыда, Серке Қожамқұлов көшесіндегі үйде тұрғанда «Талай дүниемді мынау Есентай өзеніне жыртып-жыртып ағызып жібердім. Басыма пәле болатын болды. Қайтейін, одан басқаға амалым қалмады ғой. КГБ-ның қыспағы мына жүректі құртып кетті ғой…», – деп оңашада ағынан жарылып, сыр ақтарғаны бар-тын.
Сәукең Ақселеу Сейдімбектің басына бұлт үйірілген Желтоқсан оқиғасының кезіндегі бірталай сырды жақсы біледі. «Егеменде» жазған еске алу мақаласында Сауытбек Абдрахманұлы сол бір шетін жайттың бүге-шігесіне дейін жазған екен. «Еркін ойлылығы, азаматтық асаулығы Ақаңның алдынан талай рет тор құрғызды. Сақтанбай жүретін серілігі, секемсіз сөйлейтін ерлігі өзіне сойыл болып тиіп жатқанда да сағы сынбайтын Ақаңның. Әйтсе де, әміршіл жүйенің әншейіндегі әкіреңдеуі Колбиннің тұсында қанқұйлы қиянатқа ұласқаны қатты соқты. Өткен тарихты боямалап көрсетті, ескішілдікті дәріптеді, ұлтшылдық сарындарға жол берді деген сияқты айыптармен «Білім және еңбек» журналының бас редакторлығынан босатқанымен қоймай, желтоқсан оқиғасына желік бергендердің, «қазақ ұлтшылдығын дайындаушылардың» бірі ретінде қоңырау байланып, қадағалауға алынды, жүрісі аңдылып, сөзі тыңдалды, ақыр аяғында үстінен іс қозғауға дайындық жасалды. Бұған Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің кезінде баспасөзде жарияланған құжаттарындағы «По делу проходили известные писатели Шона Смаханулы, Акселеу Сейдимбеков…» деген жолдар дәлел. Шона ағамыздың ол тізімде жүретіні Алматыда қазақ мектептерін ашқызуға атсалысып, үйді-үй кезіп жүріп, тұрғындардың қолын жинағандығы екендігі белгілі.
Іс қозғауға дайындық жасалды деп кесіп айтатыным – соған көзім анық жеткендіктен. 1987 жылдың көктемінде бізге (ол кезде Орталық комитеттің насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысымын) бір мақала келіп түсті. Мемлекет қауіпсіздігі комитеті арқылы дайындалған. Тақырыбына дейін қойылған: «Ржавчина» («Тат»). Халықтың кіршіксіз санасына тат түсіруге, халықтар достығына сына қағуға әрекет еткен бір топ жазушыларды әшкерелейтін мақала. Негізгі кейіпкерлері – Шона Смаханұлы мен Ақселеу Сейдімбеков. КГБ тіпті бір редакцияға алдын ала құпия жіберіп, мақаланы қазақшаға аудартып та қойыпты. Тек қол қоятын адам табу ғана қалған. Ол адамның ұлты қазақ болуға тиісті. Бөлімнің «таңдауы» сол тұста «Ленинская смена» газеті редакторының орынбасары қызметіндегі Әділ Ыбыраевқа түсті. Әділ сонда бір азаматтық жасады. Бөлім меңгерушісі орынбасарының кабинетінде мақалаға қол қоюдан бас тартқанымен тоқтамай, сол жерде кәдімгідей шу шығарды. Ол әңгіме біраз адамның құлағына жетті. Мұны аппаратта «утечка» дейді. «Утечка» шыққаннан-ақ мен бір тәуекелге кірістім. «Лениншіл жаста» жұмыс істейтін курстасым Ерғали Сағатовты екі кештің арасында оңаша шақырып алып, осылай да осылай, сондай бір мақала дайындалып жатыр, ол шықса жағдай шындап қиындайды, ағаңа айт (Шона мен Ерғали бір ауданнан ба, тіпті бір совхоздан ба, әйтеуір жақындығы барын білетінмін), бізге телеграмма салсын, қарсылығын білдірсін, қалғанын көрерміз дедім. Әңгімені құпия ұстауын қадап тапсырдым. Жеделхат жетіп келді. Орталық комитет хатшысының алдынан қайтыпты. Бөлімдегілер опыр-топыр болды да қалды. Ондай мақала бары рас еді деп қағаз жүзінде қалай айтарсың? Шона Смаханұлын шақырып (қазақтілді газет-журналдардың кураторы ретінде бұл шаруа маған тапсырылды), «Мына әңгімені қайдан шығарып жүрсіз? Жеделхатты неге сүйеніп жаздыңыз? Сіздер туралы ешқандай редакцияда ешқандай мақала жоқ екенін анықтадық» деп «қыспаққа» алып жатырмын. Ол кісі: «Қайдан білейін? Біреу телефонмен айтып еді, кім екенін де сұрап үлгермедім», – деп күмілжиді. «Өзіңіз коммуниссіз, өзіңіз соғысқа қатысқан адамсыз, сөйтіп жүріп өсекке сүйеніп ЦК-ға жеделхат жібересіз. Ұят емес пе?» – деп тағы қысамын. Шөкең қателігін мойындайды, ендігәрі олай етпеуге уәде береді. Содан Орталық комитет хатшысының атына қызметтік жазба дайындап, ондай мақала жазылмағанын, жалған ақпаратқа сеніп, жеделхат жіберген КПСС мүшесі Ш.Смаханұлы өз қателігін мойындағанын айтып, құжатты бақылаудан алдырттық. Сөйтіп, жеме-жемге келгенде ол мақаланы бастырудан Орталық комитеттің өзі тартынды. Мақала басыла қалғанда, сонда аты аталатын басқаларды қайдам, нақты айыпталатын Ш.Смаханұлы мен А.Сейдімбековтің желтоқсандағы қазақ ұлтшыл-дығының идеологиялық негізін дайындаушылар ретінде істі болуы әбден-ақ мүмкін еді».
Ұлт мүддесін жанын шүберекке түйе жүріп қорғау қазақтың талай азаматының өмірін келте етті. Ақаң да сондай қыспақ пен құқайды көп көрді. Соның тікелей зардабы деуге де болады, нағыз кемеліне келген, болған-толған, деген шағында, 67-ге қараған тұсында ұлтын сүйген ұлы жүрек тоқтады. Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбе-тов қоштасу рәсіміне жиналғандар алдында сөз сөйледі.Ұлылықтың үлгісіндей болған Ақселеу Сейдімбек – халқымыздың өр рухының, өнегелі салтының, өрелі қалпының аса көрнекті өкілі еді. Туған халқын, оның төл тарихын, салт-дәстүрін, тілі мен ділін жан-тәнімен сүйіп, бойындағы тәңірі берген бар қабілет-дарыны мен қайрат-жігерін ұлт игілігіне арнаған үлкен парасат иесі еді. Ел егемендігін алып, өз тізгіні өз қолына тиген кезге дейін-ақ Ақаң көп адам айта бермейтін, айтса да жаза бермейтін қазақтың көне мәдениеті мен рухани шежіресін шырылдай жүріп жаңғыртып, қызғыштай жүріп қорғай білді. Сол арқылы қазақтың әдебиетін ғана емес, қалың тарихын да тереңдетті. Ілкіден іргелі ел, жоралы жұрт болғанын дәлелдеді.
…Ұлт ұстазы атанған алғашқы Ақаң – Ахмет Байтұрсынұлы болса, қазақтың екінші Ақаңы – Ақселеу Сейдімбек болатын», – деп ардақты ағасын ақтық сапарға өзі бастап шығарып салды. Ақылман – Ақселеу, ғалым – Ақселеу, этнограф – Ақселеу, күйші – Ақселеу, сері – Ақселеу, қазақтың жоқшысы болған Ақселеу қасиетті Қадір түнінде дүниеден өтті. Бір басына қаншама өнер мен қасиет-қабілетті сыйдыра білген қайран Ақаң қазақтың сайын даласына сыймады…
«Өз ғасырым өзімнің иінімде,
Өле берсін күншілдер күйігінде,
Ақ жаңбырлар тоздырған тау секілді,
Мен өлемін өзімнің биігімде» –
деп арқалы ақын Төлеген Айбергенов жырлағандай, Ақселеу Сейдімбек өзінің ұлы даласында, Сарыарқаның Жаңарқасында, ел-жұрт «Ақселеу биігі» деп атап кеткен қасиетті топырақта мәңгіге тыным тапты.
Ақселеу әлемі – қазақ әлемі. Қазақтануға асығатын ұрпақ Ақселеу әлеміне міндетті түрде қайырылатыны анық. Нұртөре ЖҮСІП, “Қазақ әдебиеті”
Парақшамызға жазылыңыз
Маған А.Сейдімбектің Әйел-ана ертегісі керек еді,мүмкіндік болса поштама сол ертегісінің мәтінін жібере аласыздар ма? Алдын ала рахмет.
P.S:Cондай қажет болып тұр
Менде де дал осындай өтініш! мүмкін болса өте шұғыл керек еді!
сәлеметсіздер ме? Маған А.Сейдімбек ағамыздың “Әйел-Ана” ертегісі қажет еді, мүмкіндік болса, соны менің поштама жіберулеріңізді өтінемін. Алдын ала алғысымды білдіремін.
әйел-ана керек еді
сәлеметсіздер ме, маған да А.Сейдімбектің Әйел ана ертегісі керек еди. Менин поштама жиберулеріңізді өтінемін.
маған да Әйел ана ертегісі керек еді
маган аиел ана керек еди почтага жибрниши
поштан қалай
Нурдана меным почтама жыбере аласынба оте керек еді)
маған әйел ана ертегісі керек еді оны қайдан тапсам болады?
Cәлеметсіздер ме, маған да А.Сейдімбектің Әйел ана ертегісі керек еди. Менин поштама жиберулеріңізді өтінемін.
Маған да “Әйел – Ана” ертегісі керек, менің де почтама ертегі мәтінін салыңыздаршы, шұғыл керек, өтінемін.
сәлеметсіздер ме? Маған А.Сейдімбек ағамыздың “Әйел-Ана” ертегісі қажет еді, мүмкіндік болса, соны менің поштама жіберулеріңізді өтінемін. Алдын ала алғысымды білдіремін.
маған А.Сейдімбек ӘЙЕЛ АНА керек еді
Сәлем маған А.Сейдімбектің Әйел – Ана деген ертегісі керек еді.Қазір сағат он екіге дейін.
енді
салем нұрдана бұл ертегіні табу мүмкін емес
ол bilimland.kz сайтында бар
ракмет айтуды кажети жок
сол сайтта табасындар
саламатсыздар, маған “Әйел ана ” ертегісінің мәтіні керек еді. алдына ала рахмет
менің сайытыма жіберіңізші.Қазір жіберіңізші.
Маган айел ана ныз ангимеси керек оте оте отинем поштама салып жиберинизши
маганда керек еді
магада
мағанда жіберіңіші
ааааа
бул Қайрат Нұртас
Маған Бақ дәулет және аман керек еді
Сәлеметсіздерме! Маған Бақ дәулет және аман керек еді мүмкіндік болса поштама жібере аласыздар ма?