//

Тағы да еңбек демалысы жайлы

1383 рет қаралды
2

Мен жұмыс жасағаныма он бір ай болды мен кезекті демалысқа шыға алам ба?

Жауабы:

Жұмыс жылы қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген 12 айды құрайды
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 101-бабына сәйкес егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік 24 күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын есептеу:
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі.
Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы негізгі еңбек демалысына қосылады. Бұл ретте жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы ең жоғарғы шекпен шектелмейді.
Сондықтан 11 ай жұмыс жасасаңыз еңбек демалысын шыға аласыз.

Дайындаған Жанерке.

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Мен 10 қазан 2012 қүні мектепке мұғалім болып декреттік демалысқа кеткен мұғалімнің орнына уақытша жұмысқа қабылдандым. Менім аяғым ауыр, мамыр айында жеті айлық болады. Менің сұрағым: Декретке шыққан мұғалімнің орнына уақытша деп жұмысқа қабылдады. Бұл заң шеңберінде ме? Уақытша жұмыс жасап жүріп дектерке шықсам дектертке төленетік мемлекеттік төлемді ала аламын ба? Еңбек демалысына 1 жыл толмай шыға аламын ба? Декреттік демалысым біткеннен кейін уақытша тұрған мұғалімдік қызметке қайта істей аламын ба?

  2. Мен осы істеп жатқан мектебіне 15 қыркүйектен бастап бұйрық бойынша қабылдандым. Ал алдында басқа облыста 19 жыл жұмыс істеп, ол мектептен 10 қыркүйек 2014 жылы өз өтінішім бойынша жанұя жағдайына байланысты шықтым. өзім математика пәні бірінші санатты мұғалімімін. менің толық еңбек демалысым, атап айтқанда қанша календарлық күн, қанша жұмыс күні есептеледі. Соны анықтап беріңіздерші, өтінемін

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар