////

Қазақстан Жазушыларының ХІҮ құрылтайы

1433 рет қаралды
7

Кеше, қыркүйектің 24 күні, Алматы қаласында, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан жазушыларының кезекті ХІҮ құрылтайы болып өтті. Құрылтайға Қазақстан Жазушылар Одағына мүше 777 адамның 553-і келген екен. Құрылтайды Одақтың төрағасы Нұрлан Оразалин ашып, Елдің Әнұранын жазушылар тік тұрып тыңдағаннан кейін, тағы бір минут екі құрылтай арасында о дүниелік болған 118 марқұмның аруағына бас иіп, тағзым етті. Құрылтайға мемлекеттік хатшы Мұхтар Құлмұхамбет қатысып, Ел президентінің құттықтауын оқып берді. Жазушылар одақтың соңғы бес жылда атқарған қызметіне байланысты баяндаманы тыңдап, ашық пікір-талас өткізіп, өздерінің жаңа басшысын сайлады. 

Қазақстан Жазушылар Одағының төрағалығына Н.Оразалин қайта сайланды.   

Қазақстан жазушылары елдің бүгіні мен болашағы үшін атқарылып жатқан іс-шаруалар мен алға қойған мақсаттарға жетуде ел бірлігі, ынтымақ, береке қажет екендігін ерекше сезіне отырып,  аса жоғары санатта ұйымшылдық таныта алатындығын көрсетті.

 

Төменде құрылтай барысынан шағын фото-сюжет ұсынып отырмыз. Мінбер-ақпарат

 Жазушылардың тізімделу сәті;

профессор Т.Кәкішұлы мен ақын-жазушы Б.Бәмішұлы

Ақындар: А.Әлімұлы мен А.Мейірхан

Жазушылдардың ХІҮ құрылтай делегаттары

Жас жазушылар

Тұрсын мен Марфуға

  Жазушылдардың ХІҮ құрылтайдың  тіс қаққан делегаттары

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Сонда төраға кім болды? Баяғы жартас күйінде қалған болды ма?

  2. Оразалин жеңді, жазушылар көнді
    Оразалин жеңді, жазушылар көнді

    Кеше Қазақстан жазушылар одағының сиезі өтті. Одақ билігіне оппозицияшыл жазушылардың тобы өздерінің кандидатын бұл жолы ұсынған жоқ. Бәсекелессіз жеке дара қалған Нұрлан Оразалин төраға болып қайта сайланды.

    Сиезге ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, жазушы Әлібек Асқаров арнайы келіп қатысты. Мұхтар Құл-Мұхаммед Президенттің сиезге арнаған құттықтау хатын оқып, мемлекеттің жазушыларға жасап жатқан қамқорлығын айтып шықты.

    Жазушылар одағын 15 жыл басқарып келе жатқан «мәңгі» төраға Нұрлан Оразалин соңғы бес жылда жасаған жұмысына есеп берді. Қаржылық тексеру кезінде ешқандай жемқорлық анықталмапты. «Жеті-сегіз айға созылған тексеру мәресіне жетті. Әр алуан фискалды мекемелер мен тәуелсіз аудиторлық тексеру қаламгерлердің күдігін сейілтер нәтижемен аяқталды. Сіздерге шынымды айтайын, арыз ел басына дейін барды, Бас прокуратураға дейін жазылған. Қоғамдық ұйымның үстінен өз әріптестеріміз қол қойып, арыз жазған» деп кейіді ол.

    Әрине, сиез кезінде Нұрлан Оразалинге де кейіп, ашынған дауыстар шығып жатты. Оралдық жазушы Алпамыс Бектұрғанов өзінің басына іс түсіп, сотты болғанда Жазушылар одағының қолдамағанын, тым болмаса істің ақ-қарасын білмей жатып сыртынан шешім шығарып, одақ мүшелігінен қуып жібергенін айтып ашынды. Жиын тізгінін ұстап отырған Оразалин оның аузына қайта-қайта қақпақ болып, кедергі жасады, тоқтамай қоймаған соң микрофонды ажыратып тастап, үнін өшірді. Өзінің бұдан былайғы тағдырын анықтап алмақ болып келген Алпамыс Бектұрғановтың жанайқайы зиялылар тарапынан ескерусіз, елеусіз қалды.

    Жазушы Бейбіт Қойшыбай одақтың жарғысы мәселесіне қатысты түйткілді көтерді. Одақ басшылығы жасаған өзгерту енгізілген жаңа жарғы бұдан бірнеше жыл бұрын шығармашылық конференцияның бірінде қабылданып кеткен болатын. Одақ үшін жарғы ең маңызды құжат екенін айтқан Б.Қойшыбай реті келіп тұрғанда сол жарғыны одақтың ең жоғарғы органы – сиезде талқыға салып, қайта қабылдауды ұсынды. Бірақ, бұл ұсынысқа да одақ басшылығы құлақ асқан жоқ.

    Одақтың қазіргі басшылығына оппозициялық көзқарастағы жазушылардың тобы бұл жолы Н.Оразалинге қарсы батыл пікірлер айтқан жоқ. Сірә, қорқып қалғанға ұқсайды. Себебі, жазда өткен пленумда Н.Оразалинге қаратып сын айтқаны үшін жазушы Сағынгерей Бәйменовті одақтың мүшелігінен шығарып жіберген болатын.

    Жиында сөйлеп, ұсыныс айтқан жазушылардың көпшілігі жағынуға бейім болса, енді біреулері өтірік сынаушының рөлін ойнады. Сірә, сценарий солай болса керекті. Ақын Жүрсін Ерман егер Жазушылар одағының басшылығынан Нұрлан Оразалин кетіп қалса, оның шаңырағы ортасына түсетіндей көреді екен. Одақтың есеп-қисап комитетінің төрағасы Қалихан Ысқақов одақ жұмысынан қылдай да мін таппайтынын жеткізді. Ал жазушы Қабдеш Жұмаділов, «сырт көзден ұят болмасын» деді ме екен, әлде бір ішкі есебі бар ма, қайдам, басқа адам таппағандай одақ төрағалығына Әлібек Асқаровтың кандидатурасын ұсынды. Президент әкімшілігінде істейтін ол өзінің жақсы кызметін тастап, осы жиынға бәйгеге түсу үшін келмегені анық еді. Солай болды да. Дауыс беру жақындаған кезде Ә.Асқаров өзінің кандидатурасын алып тастады. Арнайы сценарий бойынша іріктеліп алынған төрағаны сайлау құқы бар 147 адам жалғыз үміткерге – Нұрлан Оразалинге бірауыздан дауыс берді. Мұны процентке шаққанда 100 болатынын естігенде жеңімпаздың өзі ығайсызданып қалды. Сірә, оның есіне Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауларда сонша дауыс алмағаны түсіп кетсе керек.

    Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалиннің бірінші орынбасары болып Ғалым Жайлыбай, жай орынбасарлары болып Жанарбек Әшімжан мен Маралтай Райымбек тағайындалды.

    Ерасыл Бердібек

  3. Оразалин бұрынғы орынын тіптен нығарлай түскен екен. Жайлы болсын!

  4. Patshaga boska zholikkan zhok koi. Sol maselenin basin sheship aldi ORAZALINNN.Orazalin agamiz Kazah zherinde mangurtterdi kaliptastirudi zhenin turip alip kirisip zhur ……ALLAH Kalasa tubi hairli bolsin. Kazahka da arailap atar tan bar shigar!

  5. Елді емес, Елбасыны жақтайтындар, мақтайтындар, сатпайтындар сайланыпты. Бұлардың біреуі де, мысалы, Жаңаөзенге, Арқанкергенге, т.б. мұңайып жыр жаза алмайды. Қандай Қасірет!

  6. Сиездің бас қасында болып, көзімізбен көрмесекте “абай” порталындағы видолар арқылы біраз нәрселерге көз жеткізгендей болдық. Жалпы қарап тұрсақ Жазушы Бейбіт Қойшыбай пен Бексұлтан Нұржекеевтің құрылтайда сөйлеген сөздері ғане көңілге қонымды екен.

  7. “Кетеді” – деп, талайлардың қыбы қанып жүргенде,
    Жарық өшіп қалды емес пе бір демде.
    Көпшіліктің қолдауымен қайтадан,
    Қалды Нұрлан ағамыз сол мінберде.

    Құлата алмай құрық тастап жүргендер,
    Арғымаққа ту сыртынан үргендер.
    Кеуделерін тік көтеріп отырды,
    Нұрекеңнің нық екенін білгендер.

    Бірін-бірі сынап-мінеп жүргендер,
    “Аққа құдай жақ” екенін білген бе?
    “Қызық алда, кетеді ол көр де тұр”, –
    деп отырды “бір газетің” іргемде.

    Нұрлан аға өз орнында қалғанда,
    “Дұрыс шығар” деп өзгерді бір демде.
    Адамдар-ай, ұялсаңшы осылай,
    Екі жүзді болып өмір сүргенге.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар