Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқали пен оның ағасы, «Ақ жол» партиясының бұрынғы депутаты Аманжан Рысқали Лондонда жүр екен. Оларды бір-екі күн бұрын Zuma ресторанында (мекен-жайы- Raphael Street,5) отырғанын көрген адам бар. Өзінің атын атамауды өтінген әлгі адам бұл жөнінде Forbes Kazakhstan журналына хабарлапты.
Zuma – жапон рестораны. 2002 жылы ашылған. Содан бері онда көбіне жапондар түрлі той өткізеді. Қазақтардың түр-сипаты жапондарға ұқсас екені белгілі. Еуропалықтардың ортасында отырып ерекшеленбейік, жұрттың назарына ілінбейік деді ме, қайдам, ағайынды Рысқалилар жапон ресторанына тамақтануға баруы бекер емес.
Естеріңізде болса, жақында ғана Атырау қаласының соты Аманжан Рысқалиды қамауға алуға рұхсат берген болатын. Тергеу орындарының сотқа ұсынған мәліметі бойынша, 2008 жылы Аманжан Рысқали алаяқтық жолмен бір құрылыс компаниясының 9 пәтерін алып қойған. Сөйтіп, ол әлгі компанияға 200 миллион теңге шығын келтірген. Бірақ, полиция А.Рысқалиды таба алмады. Сөйтсе, ол да Лондонда жүр екен.
Дереккөз: “Серке” ақпарат
Парақшамызға жазылыңыз
Неге біздің жемқорларымыз бен пәреқорларымыз Еуропаға, Америкаға қашады. Яғни, онда пәлеқорлар паналайтын апан бар. Қытайға, Жапонияға неге қашпайды? Онда қылмыскерлерді қорғайтын қауым жоқ.
http://www.minber.kz/2012/10/%D0%B1%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82%D0%B1%D0%B5%D0%BA-%D0%B1%D3%99%D0%BC%D1%96%D1%88%D2%B1%D0%BB%D1%8B-%D1%82%D3%99%D2%A3%D1%96%D1%80%D1%96%D0%BD%D0%B5%D0%BD-%D0%B6%D0%B0%D0%B7%D1%83-%D1%82%D1%83%D1%80/
Батысты өркениетті ел деп жүрсек, шынында да нағыз жемқорлар паналайтын апан екен-ау
Batys materialdik damudin shegine zhetty. Birak endi progressten regreska ketty. Oitkeni zhandary unemi zharatkandi izdeude al senetyn kudailary zhok. Evropada Golandiada koshelerdegi dukenderdin sorelerinde, ainektyn argy zhaginda oz tanderin saudalaidi, Zhane de marihuana shegu olarda zanmen ruksat etilgen.
Жемқорлардың, қарақан бастарын ойлаған “ағаларымыз” ел қаржысын, халық қаржысын ұрлап шетелге қаша берсе еліміздің несі қалады ағайын-ау? Тоз-тозымыз шыпай ма? Қалайша біз дамыған 50 елдің қатарына кірмекпіз, егер мемлекет қаржысы халықтың тұрмысын емес, жемқорлардың қалтасын томпайтса?! Сыртқы істер министрлігі осындай шетел асып қашар “ағаларымызға” қарсы заң шығармаса, ол халықаралық дәрежеде іске аспаса, еліміздің жағдайы ешқашан жақсармайды-ау осы…
сүмелек көртышқандар… адаммын деп жүрді ау жер басып…