//

Нұрсұлтан Назарбаев: “Өзің айтып бермейсің бе орысшалап соны”

1353 рет қаралды
19

Елбасы мемлекеттік тілді қолдаудың ерекше тәсілін көрсетті. “Нұр Отан” ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Бақытжан Сағынтаевтың тағайындалуы туралы Президент қазақша баяндады. Осы кезде орыс тілді журналситердің бірі ескі әдет бойынша Президенттен орысшалап тағы бір қайталауды сұрады. Нұрсұлтан Назарбаев көп ойланбастан: “Өзің айтып бермейсің бе орысшалап соны”, – деп жауап берді.

Видео авторы: 

Парақшамызға жазылыңыз

19 Comments

  1. Міне керемет! Өз елінің төрінде, өз қойып құрттап, өз айранын ұрттап отырған қазақ ен үшін орысқа жабысуы керек?! Әкесін танысын олар да.

  2. Елбасы жарапты. Осындай тосын мінезі болмаса қалай ел басқарып, тентекті тыйа алады?

  3. НӘН-нің қағазға қарап өлі сөйлегенінен осындай тік тұрып, халыққа қарата көкейінен сайрағаны ұнайды маған.

  4. Елдіктің үлгісін осындайда танытпағанда қайта танытамыз енді.

  5. Мынау бір шөп сындырарлық мәлімдеме болған екен. Енді қаншасының арты шулар екен.

  6. Endi patshanin karamagindagilardin bari solai isteidi!

    “Өзің айтып бермейсің бе орысшалап соны?” деді Елбасы
    Ал сауатсыз “Орысшалап өзің айтсай соны” деген сөз мүлдем болған жоқ.

  7. Әттең, “балық басынан шіриді” дегендей, біздің биліктегі шенеуіктеріміз қазақша сөйлер емес. Президентіміз Н.Назарбаевтың “қазақ қазақпен қазақша сөйлессін” деген сөзі жерде қалғаны ішті күйдіреді. Егер де билік басындағылар қазақша сөйлессе бір-бірімен, орыс тіліне мүлдем жол бермесе, сонда ғана өз ана тіліміз дамиды. Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе, артқы дөңгелектер де сонда жүреді.” Артқы дөңгелек алдыңғы дөңгелектен асып ешқайда бара алмайды. Халық та дәл осындай. Биліктен асып ешқайда бара алмайды, биліктен көргенін істейді. Міне, Н.Назарбаевтың бұл әрекеті стимул болды биліктегілерге. Қазақ тілі дамитынына сенгім келеді!

  8. Бөтен материалды ұрлап неге осы қімден алдыңдар соны сілтеме бермейсіңдер? А қазақтар? Ұят бар ма? Мынау z001.kz деген порталдын эксклюзивы. Ұят жоқ осы қазақ сайттарда

    • z001 ұятқа тірейтіндей бүлінген дүниені көріп тұрған жоқпыз. Себебі, біз видеоны Youtube сайтына жүктеген автор Аркадий Нерудовқа сілтеме жасадық. Ал, видео жүктеуші Аркадий Нерудов сіздердің сайтқа ешқандай қатысы жоқ адам болса, оның жөнін тағы айтарсыздар.

  9. керемет!!!кімнің кім екенін танитын уақыт та жетті…Қазақ тілін үйренсін, сосын нанын табады олар….

  10. Сол сұрақты қойған шошқа басынған екен, солай сұрақ қойып. Президент боқтап жібергені дұрыс болар еді итті

  11. Аркадий Нерудов біздің қызметкеріміз
    видеонын түсініктемесінде z001 деп жазылып тұр
    порталымызға кірсеңіз Нерудовтын мақалалары да бар

  12. ПОРТАЛ z001.kz
    Елбасы: “Өзің орысша айтсай соны”
    Елбасы мемлекеттік тілді қолдаудың ерекше тәсілін көрсетті. “Нұр Отан” ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Бақытжан Сағынтаевтың тағайындалуы туралы Президент қазақша баяндады. Осы кезде орыс тілді журналситердің бірі ескі әдет бойынша Президенттен орысшалап тағы бір қайталауды сұрады. Нұрсұлтан Назарбаев көп ойланбастан: “Орысшалап өзің айтсай соны”, – деп жауап берді.
    __________________________________________________________
    Осы текст видеонын астаныда жазылып тұр ал сіз оны оқымасаңыз сонда тікелей сайттан ұрланғаны білініп тұр
    Контентті ұрлағанда ұят болуы керек

  13. Әзиз қырағылық танытыпты. Есіл ауданының басшысын да қосшысында мына қызметтерінен кетіру керек екен.

  14. айналайын, президент мырза, қазақ жерінде қазақ елінде тек қазақ тілі мемелекет тіл болу керек

  15. Елбасымыз дұрыс айтқан екен! Қазақ қазақпен,қазақша сөйлесуі керек! Айтылған хабарды орысша жеткізу керек болса, ол журналистің өз жұмысы!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар