«Edusoft» америкалық лингвистика компаниясының басшылығы қазақ тілін оқыту бойынша Қазақстан үшін ерекше курс әзірлеуге дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Халықаралық бизнес университетінің баспасөз қызметі.
Халықаралық бизнес университеті (UIB) «EduSoft» америкалық компаниясымен стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр.
Баспасөз мәлімдемесінде айтылғандай, «EduSoft» басшылығы Қазақстан үшін ерекше курс әзірлеуге дайын екенін білдірді.
«Edusoft» – шет тілдерін оқытуға арналған заманауи бағдарламаларды дайындау бойынша әлемдегі көшбасшы компаниялардың бірі. Аталмыш компания Испания, Венгрия, Бразилия, Израиль, Гонконг, Коста-Рика, Ресей, Украина, АҚШ, Корея, Жапония мен өзге де елдерде осы тектес бағдарламаларды дайындаған.
Дереккөз:
www.bnews.kz
Парақшамызға жазылыңыз
Бұл жобадан бас тартпау керек.