///

“Құлпы тастағы жазулар”

3635 рет қаралды
13

Алматы қаласында «Ақ шағыл» баспасынан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Түркияның Бурса  қаласында өткен «Түркі дүниесі елдерінің ақындары мен сазгерлері» фестивалінің және Тарсуз қаласында өткен «Қараожалан сарқырамасы» атты байрамының жеңімпазы, белгілі ақын-жазушы, публицист, аудармашы  Бақытбек Бәмішұлының «Айторы ғұмыр» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.

Оның дейін де «Мәңгі көк аспан астында», «Тұмарлы таң», «Бай Бұлғын жерім-ай», «Оспан батыр» қатарлы  өлең кітаптары шыққан болатын. Ал бүгінгі кітап – «Айторы ғұмыр» де аталыпты. Кітаптың негізгі бөлігін бар-жоғы жиырмаға толар-толмас жасында пәниден бақиға аттанып кеткен ақынның қызы Айторының ғұмыры – жоқтау өлеңдері құрайды. Сондай-ақ, автор пәни жалған, бақилық өмір жайлы тебіріністері мен толғамдарын, заманаға деген өзіндік көзқарасын, адами тағдыр, пендеауи тірлік туралы пәлсапалық ой-тұжырымдарын, өмірдің түрлі салаларында қызмет етіп ел-жұртының жадында қалған бұ дүниеде орны толмас жаны жайсаң, бір туар азаматтарын жырға қосқан арнау жырлары мен толғауларын жеке екі бөлімге топтастырып берген. Ал «Құлпы тастағы жазулар» атты бөлімнің де айтары мол.

Кітап адам жүрегінің нәзік қылын шертіп, тылсым дүниенің тұңғиық тереңіне бойлататын салмақты ой, сарабдал тосын түйін, нанымды көркемдігімен ерекшеленетін шұрайлы тілмен өрнектелген қазақ әдебиетінің соңғы жылдардағы мол жетістіктерінің сүбелі бір туындысы болса керек.

Мінбер-ақпарат, Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

13 Comments

  1. О, айналайын, ғұмыр деген осы, өлең – өмір, өзіңе мықты ден саулық тілеймін, мына бір ауыз сөзден-ақ ішінде не барын сездім. Сәтті түссе кітапты алып оқырмыз. Ол кездегі пікіріміз башқаша болар.

  2. Рахмет, Әлихан мырза һәм Адам, Алдағы күндерде бұ кітапты сайт қа салуды ойластырамыз

  3. әрине кітап адам баласының көркем сөйлеуіне үлкен септігін тигізеді. Осындай кітаптардың саны көп бола берсе екен деп тілейміз!

  4. йә,іштегі сырыңды бөлісуде кейде сын айтпайтын,мін артпайтын ақ қағаз бен қара қаламнан артық сырлас табылмайды…

  5. Каламыныздан НУр жаусын Бакытбек ага!!!
    Біраз жақсы пікірлерді айтқым келіп тұр. Бірақ та бір кездескенде болмаса,,,
    Осы өлеңдерді жазып жүрген кездеріңізде қасыңызда жүрдім ғой бәрі көз алдымда….
    Жүректің түбінен шыққан өлеңдер жинағы деп бағалағым келіп тұр!

  6. Л,М,Ж… баруырлар, пікір білдіргендеріңе көп рахмет.

  7. Реті келгенде оқырмыз, бірақ, ішінде ауыр дүниелер барын сезетін сияқтымын!

  8. бұл кітапты сайттан оки аламыз ба? Болмаса кай жерден алуға болар екен?

  9. Рахмет, қызымның атымен хабарласқан оқырман, атыңды атап, тел. берсең хабарласам. Кітаптың бәрі өз қолымда. Сайтқа салуды әзірше кешіктіріп отырмын.

  10. агамнын кулпытасына торт шумак олен жазып беринизши бир жуманын ишинде таска жазгызамын деп едим

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар