Соңғы жылдары қазақ киносы толымды табыстарымен көзге түсіп, ауызға іліге бастағаны белгілі. Алайда, соның бір бағыты – бүлдіршіндерге арналған мультфильм саласы әлі күнге дейін өз арнасына түсе қоймағаны шындық. Бұл туралы сала мамандары салмақты мінбелерден салиқалы сөз айтып, баспасөз беттерінде сан тарау мақалалар жарияланғаны, бұл тақырып теледидарда талай рет әңгіме өзегіне айналғаны бар.
«Бала тәрбиесі бесіктен басталады» демекші, бүлдіршіннің есейіп ер жеткеніне дейінгі тәрбиесіндегі анимациялық фильмдердің рөлінің орасан зор екені белгілі. Астанадағы Журналистер үйінде өткен басқосуда осы бір өзекті мәселе тағы да әңгіме арқауына айналды. Оны ұйымдастырушы жаңадан құрылған «Қазақстан аниматорлар ассоциациясының» мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықты еліміздегі анимация саласының қал-жағдайынан хабардар ете отырып, бала тәрбиесіндегі осы бір өзекті проблемаларға қоғамның да назарын аудару екен. Шара барысында, жаңадан құрылған бірлестік басшысы, танымал режиссер Батырхан Дәуренбеков, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы анимация кафедрасының меңгерушісі Қайырғали Қасымов, аниматорлар Нуриддин Паттеев пен Адай Әбілдинов мультфильм мәселелері төңірегіндегі ой-пікірлерін ортаға салып, журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.
Сондай-ақ басқосу барысында «Қазақстан аниматорлар ассоциациясы» «Балаларға базарлық» атты мультфильмдер жинағынан тұратын мың дана дискілерді балабақшалар мен балалар үйіне тарту ететіндерін айтып, «ani-mator.kz» сайтының таныстырылымы өтті.
Берік САДЫР,
«Егемен Қазақстан»
шынымен өте қуантарлық хабар,бүлдіршіндеріміздің санасын мұхит асқан елдердің нәресте санасына кері әсерін тигізетін мультфильмдер жаулап жатқан заманда өз ұлттық нақышымызбен өрнектелген өнегелі тәрбиеге баулыйтын туындылар күтеміз
Болар елдің баласы бесіктен, – демекші, бұл көтеріліп отырған тақырып өте орынды мәселенің бірі. Бүлдіршіндеріміздің санасына шетелдік Шрек секілді мультиктерді құйғанша, қазақтың таза, асыл Ана тіліндегі Балапан арнасын, Алдар Көсе анимацияларын көрсетсек – Отансүйгіш, рухы мықты, таза тілді ұрпақ өседі. Дегенмен, қазақ тілді балаларға арналған танымдық бағдарламаларды көбейту керек.
Мөлдірдің сөзімен келісемін, себебі әлі де сол Батысқа қарап еліктеп келе жатқанымыз ащы шындык, “Алыстан дорбалағанша, жақыннан дорбала” демей ме еліміз. Меніңше қазақ көрермендері қазақ мультфильмін аз көретін себебі туындының сапасында секілді.Бәрі бірден болмайды гой!! уақыт емші,уақытпен бәрі реттеліп, Молдир кызымыз айтпакшы Тәрбиеге баулитын кинотуындылар кутеміз Рахмет!!!
көмек, қолдау көрсетілсе, қазақ мультфильмі де алі болашақта танымал болатынына сенемін. көптеген керемет, қызықты аңыз – ертегілеріміз бар. кім білед алдағы уақытта біздің ұлттық мультфильмдеріміз әлемдік масштабта орын табатын шығар
Мультфильм – бала тәрбиесінде үлкен роль ойнайиыны жасырын емес. Біз бала кезімізде жапон, ағылышын мультфильмдерін көріп, сол мультфильмдерді шығарған елдерді қатты құрметтейтінбіз. Сол елге саяхаттап барғымыз келетін. Яғни, мультфильм-бала санасына оңай, қарқынды әсер етеді. Сол себепті, біздің елдің Қазақ мультфильмдері жиынтығые балалар үйіне таратылғанына шынында да қуаныштымын! Енді осы қазақ мультфильмдері қазақ телеэкранынан жиі берілсе нұр үстіне нұр болар еді !
Бұл жобаның қолға алынып жатқанына өте қуаныштымын. Бөбектерімізді сырттың идеологиясымен улағанша, өзіміздің төл тумаларымызды анимация ретінде шығарған тиімді. Сәттілік!
Казирги кезде мультфильмдер коп бирак, балаларга арналгандар санаулы ак кана.шетелдин атыс-шабысынан кори озимиздин мультфильмин дамытса екен…