//

Журналистік білім берудің проблемалары сарапқа салынады

1483 рет қаралды
8

Алматыда 1 қараша күні   «Мінбер» қоғамдық қоры Журналистика факультеті оқытушыларына арнап дөңгелек үстел және екі күндік семинар-тренинг өткізбек. Бұл шараның мақсаты қазіргі заманғы журналистік білім берудің өзекті проблемалары мен мәселелерін талқылау және оның сапасын арттырудың жолдарын іздестіру, өңірлерден шақырылған журналистика факультетінің  қазақ бөлімдерінің оқытушыларына жаңа заманғы технологиялар мен инновацияларды білім беру үрдісіне пайдалану жөнінде семинар-тренинг ұйымдастыру, сөйтіп журналистік білім беру үдерісіне аз да болса үлес қосу.  Шара ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігінің қаржыландыруымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті мен ЮНЕСКО-ның Алматыдағы бюросының интеллектуальдық қолдауымен  ұйымдастырылып отыр.

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы 2010 жылдан «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» тақырыбында көшпелі семинар-тренингтар өткізіп келеді. Осы уақыт аралығында 190-нан астам журналист оқудан өтті. Семинар-тренингтерді өткізу барысында көзіміз жеткен бір мәселе – журналистердің басым көпшілігінің ақпаратты таратуда жаңа медиа технологиялары мен инновациялық әдіс-тәсілдерді жеткілікті деңгейде меңгермеуі. Семинар-тренингке қатысушы әрбір 3-ші журналистің әлеуметтік желілерді білмеуі, Youtube, Audoсity секілді тегін аудио-видео бағдарламаларымен жұмыс істеуді және инфографика, краусорсинг секілді жаңа әдіс-тәсілдерді игере алмауының бір ұшы – журналистік білім беруге кеп тірелетіні жасырын емес. Сол себепті де Журналистика факультетінің қазақ бөлімінің оқытушыларының өзіне осы әдіс-тәсілдерді үйрету қажеттігі туындайды.

Шара барысында журналистика факультеті мұғалімдеріне арналған «Қазіргі кездегі журналистік білім беру: инновациялар, жаңа технологиялар» атты әдістемелік оқу құралы дайындалды. Оқу құралын жазуға журналистика саласында білім беріп жүрген теоретиктер мен тәжірибелі мамандар ат салысып,  көп жылғы білім беру тәжірибелерімен бөлісті.

Шараға Қазақстанның түрлі өңірінен Журналистика факультетінің қазақ бөліміне 15 оқытушы және тәжірибелі журналистер, түрлі ақпарат құралдарының бас редакторлары, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатыспақ.

“Мінбер” ақпарат.

Парақшамызға жазылыңыз

8 Comments

  1. Әрине, қатысуға болады. Ол жерде журналистік білім берудің проблемалары жайында ой қозғауыңызға мүмкіндік бар

  2. Медиа, коммуникацияның қазіргі заманға сай әдіс-тәсілдермен ақпарат тарату әлдеқайда жылдамырақ. Осы тәсілдерді жетік меңгеру журналист үшін тиімді. Сондықтан семинар-тренингтеріңізді асыға күтемін!

  3. Қазіргі таңда журналисттерді толғандыратын өзекті мәселелер осындай ашық конференцияларда талқыланатынына қуаныштымын!

  4. Жақсы, өте дұрыс бастама. Істеріңізге табыс тілеймін.

  5. «Мінбер» қоғамдық қорына үлкен алғысымды айткым келеді. Бұл жоспарды қызықты да пайдалы деп ойлаймын! Іске сәт!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар