Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әдебиет пен өнер саласындағы 2012 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлығына қол қойды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №421
Әдебиет пен өнер саласындағы 2012 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы
Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, қаулы етемін:
1. Әдебиет пен өнер саласындағы 2012 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы мыналарға берілсін:
1) Несіпбек Тұрысбекұлы Айтқа, ақын – «Арқатірек» поэмалар жинағы үшін;
2) Сәбит Аймұханұлы Досановқа, прозаик – «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясы үшін;
3) Әлібек Мұсаұлы Дінішевке, әнші – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған концерттік бағдарламасы үшін;
4) Гауһар Құрманбекқызы Мырзабековаға, скрипкашы – «А.Вивальди-А.Пьяцолла «8 сезонов», «Intrabaroque» концерттік бағдарламалары үшін.
2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы 2 қараша. №421
Дереккөз: Массагет
Парақшамызға жазылыңыз
Сонда бұлар жағымпаздар жарысынан жеңіп шыққандар болды ғой?!
Нақ алатын кісілер әлі алған жоқ. Жәркен жырау сахиб болуға тиіс еді.
Несіпбегің де осал емес, тек соңғы жылдарда адамды менсінбейтін бір мінез шығарып жүргені болмаса. сыйлық тірліктің нәрсесі, өлең өмірлік дүние.