//

Тағы да еңбек демалысы туралы

1595 рет қаралды
4

 Мен Жұмахметова Мархаббат. 2012 жылдың 5 қаңтарында уақытша бала күтімімен отырған адамның орнына көмекші тәрбиеші болып жұмысқа орналастым? Енді сіздерден сұрарым кезекті еңбек демалысына шыға алам ба? Орнымдагы адам 3 жылға кеткен.

Жауабы:

Бала күтімімен отырған адамның орнына сізді ресми түрде қабылдап еңбек шартын жасаған болар. Сондықтан, сіз жұмыс істеген айларыңызды есептей отырып еңбек демалысына шыға аласыз.

Еңбек кодексінің 22-бабына сәйкес қызметкер тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға құқылы;

106-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру кезеңін айқындау

Жұмыс жылы қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген он екі айды құрайды.

107-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру кезектілігі

1. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудің кезектілігі еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс беруші қызметкерлердің пікірін ескере отырып бекітетін демалыс кестесінде белгіленеді.

2. Демалыс кестелері өндірістік қажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда жұмыс беруші бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта бұрын хабарлауға міндетті.

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Айтпақшы, тағы бір сұрағым бар еді. Мен көлік алмақшы едім. Оны өз басыма аудару үшін қандай құжаттар керек және кейін сатуға тура келгенде қандай дүниелерді атқарып барып сату керек?

  2. Әйеліме оқыту керек екен. Жұмыстағы келіншектерге керек қой. 😉

  3. Мен өткен жылдың яғыни 2012 жылдың сәуірдің 1-ші жұлдызынын бастап жұмысқа шықтым. Енді маған өткен жылдылдың 3 ай еңбек демалысы төленеді ма әлде төленбейді ма?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар