//

Сотқа қалай шағымдана алам?

2813 рет қаралды
11

Арман:

Сотқа шағымдану қалай жүзеге асады?

Жауабы:

Сотқа шағымдану алдында мәселе бойынша арнайы  дәлел келтіретіндей құжаттарды жинап алу қажет. Содан кейін сотқа талап арыз жазып азамзаттық істер бойынша кеңсеге 2 данасын тапсырасыз.

Азматтық іс жүргізу кодексінің 14-тарауына сәйкес талап арыздың нысаны мен мазмұны төмендегідей:

1. Талап арыз сотқа жазбаша нысанда берiледi.
2. Арызда:
1) арыз берiлетiн соттың атауы;
2) талап қоюшының атауы, оның тұрғылықты жерi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi мен банктiк реквизиттерi, сондай-ақ, егер арызды оның өкiлi берсе, өкiлдiң атауы мен мекен-жайы;
3) жауапкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi және, егер талапкерге белгiлi болса, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi, жұмыс орны туралы мәлiметтер мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса) немесе, егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жерi не, егер талапкерге бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмнен мәлiметтер белгiлi болса, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi мен банк реквизиттерi;
4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерiн және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупiнiң мәнi;
5) талап қоюшы өзiнiң талаптарын негiздейтiн мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелер ;
6) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;
7) арызға қоса тiркелетiн құжаттардың тiзбесi көрсетiлуге тиiс.
3. Арызда дауды шешу үшiн маңызы бар өзге де мәлiметтер көрсетiлуi, сондай-ақ талапкердiң өтiнiшi баяндалуы мүмкiн.
4. Прокурор мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдделер үшiн беретiн өтiнiмде мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдденiң неден тұратынын, қандай құқықтың бұзылғанын негiздеу, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сiлтеме болуға тиiс. Прокурор азаматтардың мүдделерi үшiн өтiнiш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзiнiң талап қоюы мүмкiн еместiгiнiң себептерiн негiздеу болуға тиiс; арызға, әрекетке қабiлетсiз адамның мүдделерi үшiн арыз беретiн жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгiнуге келiсiмiн растайын құжат қоса тiркелуге тиiс.
5. Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге өкiлеттiгi болған жағдайда оның өкiлi қол қояды.
        Талап арызға тіркелетін құжаттар:
1) жауапкерлер мен үшiншi тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшiрмесi;
2) мемлекеттiк баж төлеудi растайын құжат;
3) өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын сенiмхат немесе өзге де құжат;
4) талапкер өз талаптарын негiздейтiн мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшiрмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшiншi тұлғалар үшiн бұл құжаттардың көшiрмелерi;
5) оны дауға салған жағдайда нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi;
7) талапкердiң мерзiмдi кейiнге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерiн азайту туралы, талап қоюды қамтамасыз ету, дәлелдемелердi талап ету туралы өтiнiмi және, егер олар талап арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тiркеледi.
     

 

 Құрметпен Жанерке.

Парақшамызға жазылыңыз

11 Comments

  1. Рахмет сіздерге! Жан-жақты жауап алдым. Алла разы болсын!

  2. Иә, біздің қазақтардың көбі заңмен өзін қорғауды білмейді. Кеңестеріңізге рахмет.

  3. Нұрлансын әлем, Нұрлана берсін. Заң деген заң емес Нұрлансын ғо. Нұррррррррр

  4. Заң жайлы мүлде ойлап көрмеппін. Заң қазақтарға бір түрлі керек жоқ сияқты. Біздің табиғатымызға келмейтін дүние сияқтады да тұрады.

  5. Әдетте бес айлық есеп көрсеткіші бойынша, немесе он бес айлық есеп көрсеткіші бойынша айыппұл салынды деп жатады. Сондағы бір айлық есеп көрсеткіші қаншалық қаражат?

    • Ербол сәлеметсызбе, интрнет арқылы egov.kz сайты сотқа талап арыз шыбере аласыз

      • Ербол сәлеметсызбе, интрнет арқылы egov.kz сайты сотқа талап арыз жібере аласыз

  6. Интернет арқылы материялдарға заказ беріп, олардың счетына ақша салып, дұрыс емес жұмыс алып алданып қалдым. Қалай шағымдансам болады? қайда барамын? Көмектесіңіздерші өтінем

  7. Құрметті зангерлер. Мен алматыдағы 7.5 сотық жерімді банкаға қарызымды төлеу мақсатында бөлгім келіп еді соған не істесем болады.Қандай заң тармақтарына сүйене алам мүмкіншілік болса ақыл кеңес берсеңіздер екен.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар