Қазақ әдебиеті орны толмас қазаға ұшырады.72 жасқа қараған шағында қаламгер, зерттеуші, қайраткер Жұмәділ Маман дүниеден озды.
Ол 1941 жылы 17 қарашада ҚХР, Суар, Іле аймағы, Күнес ауданында дүниеге келген. Суар педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін 1959 жылы бітіріп, “Іле жастары” журналы, “Іле өрендері”, “Іле” газеттерінің тілшісі, редакторы, аға редакторы болып жемісті қызмет атқарған.
1970 жылы “мәдени зор төңкеріс” тұсында 4 жыл еңбек түзетуінде болған. 1974 жылдан бастап Іле облыстық Коммунистік Жастар одағы комитетінде үгіт бөлімінің меңгерушісі, “Іле айдыны” журналында бас редактор, облыстық шығармашылық ұйымында кеңсе меңгерушісі, Іле облыстық әдебиет-көркемөнер бірлестігінде төраға болып, “Іле айдыны” (қазақ, ұйғыр, қытай тілдерінде шығатын) әдеби журналдың бас редакторы міндетін абыроймен атқарған.
Қаламгердің ел алдындағы еңбегі ақталып, ҚХР Жазушылар одағы, Фольклор қоғамының мүшесі, Қытай Халық Республикасы аз ұлт жазушыларының «Тұлпар» сыйлығының лауреаты, ҚХР Мемлекеттік таңдаулы маман атақтарын алған.
Қаламгердің қаламыннан туған “Пионерлерге” атты өлең-мысалдар кітабы, “Тау жалыны” атты дастаны, “Қарақат” өлең-тол
Қазақстан Жазушылар oдағы басқармасы.ғаулар кітабы, “Акбар-Сейіт” романы, “Ақылбай атайдың әңгімелері” атты хикаяты, “Әке бауырындағы бала”, “Қарқара шоқысы” атты әңгімелер жинағы, “Тұнық дауыс”, “Жұмәділ дастандары” атты дастандары, “Ән сыры – жан сыры” ғылыми мақалалар жинағы, “Айхан” атты аударма, повестер кітабы, “Күмбезге түскен күншуақ”, “Ашық есік алдында” , “Адамның бұлбұлы – Әсет” сияқты кітаптары қалың оқырман қауымның жүректеріне жетіп, сыншылардың жоғары бағасын алған.
Ғұмырында сабырлы да салмақты, парасатты да мәдениетті, адамгершілігі мол, мейірімді, жас ұрпаққа қамқор болған қаламгердің ардақты бейнесі ел жүрегінде ұзақ сақталады.
Қарымды қаламгер еді
Қытай қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан, қаламы қарымды, жемісті еңбектерімен ел құрметіне бөленген Жұмәділ Маманның қайтыс болғандығын естіп, үшбу хат жолдап отырмыз. Жұбайы Гүлманға, ел-жұрт, бала-шаға, бауыр-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.
ҚХР ШҰАР саяси мәслихат кеңесінің төрағасы Асхат Керімбай, ҚХР ШҰАР-ы төрағасының орынбасары Тілепалды Әбдірешітұлы, ҚХР ШҰАР-дық саяси мәслихат кеңесі төрағасының орынбасары Қызайжан Сейілхожаұлы және осы органның бас хатшысының орынбасары Әбдіқай Мәженұлы.
Қытайдағы қазақ мәдениетінің өрлеуі өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан басталды. Өйткені, сол жылдары Қытайда атқарыла бастаған Дэн Сяопинның жаңа саясаты ондағы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына да зор мүмкіндік туғызған еді. Сол мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, қазақтың әдебиеті мен мәдениеті деңгейін биікке көтерген азаматымыздың бірі – ақын, жазушы, әдебиет зерттеуші ғалым және қоғам қайраткері Жұмәділ Маман ағамыз еді. ОЛ ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ
КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ БІРІ ЕДІ
Жүкең Іле қазақ облысының әдебиет-көркемөнершілер Бірлестігінің басшысы ретінде бірқатар іргелі еңбектер жасады. Құлжа қаласынан облыстық әдебиет-көркемөнершілерге арналған еңселі ғимарат тұрғызып, әдебиетшілер мен өнерпаздардың шығармашылықпен шұғылдануына және ғылыми-зерттеумен айналысуына жағдай жасады. Облыс көлемінде жаңа шығармашылықты дамыту мен көне тарихи әдеби мұраларын жинап, жарыққа шығару ісіне көп көңіл бөлді. Облыс бойынша Тұрсынәлі Рыскелдиев бастаған бес бірдей жазушыға «кәсіби жазушы» мәртебесін алып берді, алпыстағы ақын, жазушы және көркемөнер қайраткерлерінің мерейтойлық конференцияларын өзі басқарып, өткізді. Халқымыздың ақындар айтысын жыл сайын облыс көлемінде жоғары деңгейде ұйымдастырып отыруды дәстүрге айналдырды. Жүкең әдебиет-көркемөнершілер Бірлестігін басқарып тұрған кезі – Іле қазақ облысының әдебиет-көркемөнер саласының керемет бір көркейген шағы болды.
Ал Жұмәділ Маманның ақын, жазушы және әдебиет зерттеуші ретінде артына қалдырған мұралары бір төбе. Оның қаламынан туған 20-дан астам кітаптары мен мыңдаған өлең-жырлары жалпы қазақ әдебиетіне қосылған құнды дүниелер. Осы еңбектерге қарап отырсақ, Жүкеңнің көбірек қалам тартқан тақырыбы халқымыздың ұлттық рухын көтеретін тарихи тұлғалар және балалардың зейінін ашатын, ұлттық мінезін қалыптастыратын балалар әдебиеті екен. Қазіргі таңда қазақ халқына ең керегі де осы болып тұрған жоқ па?! Жүкең соны ерте түсінген екен ғой. Қайран да қайран, Жүкең-ай! Бақұл бол, бауырым!
Нәбижан Мұқаметханұлы
“Қазақ әдебиеті” газеті
Парақшамызға жазылыңыз
Марқұмның топрыағы торқа, иманы жолдас болсын!
Жаны жаннатта болсын!
Уақыт қалай зымырап өтіп бара жатыр…. Атақты кісілеріміз өмірден озуда. Жүмаділ атамыздың жатқан жері жайлы топырағы торқа болғай…