Жаңа заң жүргізуші куәлігі мен әскери билетті жеке басты куәландыратын құжаттар ретінде қолдануға мүмкіндік береді
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, заң жобасының мақсаты – жеке басты куәландыратын құжаттар тізімін, сондай-ақ құжатты рәсімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып алу және жою жөніндегі талаптарды заңнамалық деңгейде бекіту болып табылады.
Сенатта талқылау барысында заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар айтылды.
«Атап айтқанда, заң жобасына Қазақстанның Қылмыстық-іс жүргізу кодексінде қарастырылған жағдайларда жүргізуші куәлігі мен әскери билетті жеке басты куәландыратын құжаттар ретінде тану туралы толықтыру енгізу көзделіп отыр», – делінген хабарламада.
BNews.kz
Парақшамызға жазылыңыз
Өз ойымша, осылай болғаны жөн