«Мұның бәрі жалған сөз, – дейді Алтынбек Ұтысханұлы. – Ақырзаманның нақты күнін белгілеу дұрыс емес. Өйткені қиямет күнінің қай жылдың қай айының жұмасына тура келетіні айтылмаған. Ақырзаман жөнінде тек – бір Аллаға ғана аян. Оның қашан орнайтыны туралы тіпті пайғамбарымыздың өзі білмеген.
Осы жерде ақырзаманның белгілеріне тоқталайық. Ақырзаманның негізгі белгісіне мыналар жатады: 1.Жер бетін 40 күн бойы тұман басады. 2.Дажжал есімді бір кісі өзін құдаймын деп жариялап, жұртты өз жолымен жүруге үндейді. 3.Жер астынан шыққан Дабаттул арз деген сөйлейтін хайуан пайда болады. 4.Күн батыстан көтеріледі. 5.Хазіреті Иса (ғ.с) көктен түседі. 6.Яжуж, Мәжуж деген екі тайпа шығады. 7.Шығыста бір жердің шөгуі орын алады. 8.Батыста бір жердің шөгуі болады. 9.Араб түбегінде бір жердің шөгуі орын алады. 10.Йеменнің Аден жазығының ең шалғайынан от шығады.
Жалпы алғанда, бүгінде осы белгілердің ешқайсысын көріп жүрген адам жоқ. Ал 21-ші желтоқсанда қиямет күні орнайды деп сандырақтап жүргендер мұсылмандар санатынан емес. Ең маңыздысы осы. Ислам мемлекеттерінің бірде-бірі бұл күні ақырзаман орнайды деп жарияға жар салып отырған жоқ. Амал не, кей адамдар жұрт арасында осындай қорқыныш, үрей туғызатын сөздер таратуға бейім. Ақырзаман келді деп азық-түлікті қамдағаннан келетін пайда жоқ. Нұх пайғамбардың кемесіндей алып кеме жасасақ та шынымен келсе ақырзаманнан құтыла алмайтынымыз айдан анық. Сондықтан бір Аллаға құлшылық етуден өзге амал жоқ».
Біздің де Алтынбек Ұтысханұлының айтқан сөздеріне алып-қосарымыз жоқ. Себебі жоғарыда санасы бар адам түсінетіндей мағыналы сөздер айтылды. Ендеше, ақырзаман орнайды екен деп онсыз да ертеңіне елеңдеп жүрген жұртты одан бетер қорқытып-үркіткеннен не ұтамыз? Одан да әркім өзіне, отбасына пайда келтіретін тірліктермен айналысқаны құба-құп емес пе?
Т. ДАНИЯР
“Заманa”
Қатысты мақала: АҚЫРЗАМАНҒА ДАЙЫНСЫЗ БА?
Парақшамызға жазылыңыз
Осыны халық өздері қалап отқандай бір-біріне төндіреді….Неліктен тегі соған сеніп отыр? Бір алланың қолында оның бәрі.
Бижан бауырымыз рас айтады, бәрі Алла Тағаланың қолында…
Аллаһ тағала қорғайды
Біздің қазақ әр нәрсеге сенгіш келеді ғой!!! Анау үйтті мынау бүйтті десе болды сене қалады. Ол неге олай деді бұл неге бұлай деді? Деген сұраққа жауап іздеудің орнына, болмаған жерден шу шығарады. Егер өзін толғатқан сұраққа тиесілі жерден іздеп сұрап оқып, білсе, мұндай шу болмас еді. Ең дұрысы ақырзаманды шақырғаннан, Алла тағалаға құлшылығынды істеп, сауапты амал істегенге не жетсін?!
Иа бунын бәрі дерлік далбаса!!! Кім неге сенсе сол болады. Барлығы да Жаратқан Хақ Тағаланын қолында ғой. Соны адамдар гене түсінбейді…
Ақырзаманды ойлап үрейлері ұшып жүрген адамдар жоғарыда келтірілген мысалдарды оқыса деймін!
Ақырзаманның болатыны айдан анық.Ол Қасиетті Құранда да айтылған, бірақ та кай жылы кай екені белгісіз.Ол баршамызға мәлім.Менің ұсынысым: осындай түкке тұрмайтын, адам санасын өзгертетін нәрселерді ойлай бергенше,елімізде болып жатқан басқа оқиғаларға назар салсақ…
Ақырзаман болады деген бос сандырақ,негізі ақырзаман боларда оның белгілерыі болады мен ол туралы білмейм.
Акырзаманнын болатыны белгили…бирак жогарыдагы достардын айтуы бойынша кай куни кай жылы екени айтылмаган…менде косыламын..жогарыдагы дин кызметкери(сухбат берген)жаксы мысалдар келтире кеткен екен..булар акырзаманнын УЛКЕН белгилери санатына жатады..киши белгилериде бар…ягни акырзаманнын белгилери улке жане киши болып болинеди.
Менде Аллахка кулшылык кыламын…Напсисин тыйа алмай жургендердин катарындамын.. ИншАллах Аллага деген ниетим тузу енд амал жасасам дейммин..АКЫРЗАМАН деп дурликкенше Амал жасап сауап жинагандарыныз абзал..ардакты кандастар..кур созге бекер сенбейкши…!
Өтірік шығар
Біздің қорғашуымыз бар ол Алла