///

Ресей Қазақстанға сес көрсетті

946 рет қаралды
7

Кеше «Қазкосмостың» басшысы Талғат Мұсабаевтың Қазақстан парламентінде сөйлеген сөзі Ресей үкіметінің қитығына тиіп кетіпті. «Коммерсанть» газетінің жазуынша, Ресей үкіметі «Талғат Мұсабаев Ресей мен Қазақстанның космос салысындағы әріптестігін, Байқоңыр ғарыш айлағын жалға беру мәселесін біләрмандыққа салынып өзінше тәпсірлеп отыр» деп бағалаған.

Байқоңырға қытысты Ресми Мәскеудің позициясы мынадай: Қазақстан Ресейге ұзақ мерзімге жалға берілген Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты шешімді аяқасты өзгертуге және де басқа мәселені желеулетіп ультиматум қоймауы керек. Ресей мен Қазақстан арасындағы космос салысынадағы әріптестік – екі елдің жоғарғы басшылары келіскен мәселе. Ал Талғат Мұсабаев әлі Қазақстанның президенті бола қойған жоқ. Сондықтан, артық ауыз сөз айтуға оның қақы жоқ.

Естеріңізде болса, кеше Талғат Мұсабаев Байқоңырды Ресейге жалға беруге қатысты үлкен проблемалар туындағанын айтқан болатын. Оның ішінде өзінің елінің аумағында тұратын Қазақстан азаматтарының Ресей Федерациясының юрисдикциясымен өмір сүруі де жағдайды күрделендіріп тастаған. «Сондықтан да, бүгінгі таңда Байқоңыр қаласын Қазақстанның юрисдикциясына беру , сондай-ақ ғарыш айлағынан жалға беруден шығару туралы мәселе қарастырылып жатыр.Сондай-ақ  Ресей Федерациясымен бірлесіп «Бәйтерек» қазақстандық зымыран кешенін құру бойынша жұмыстарды атқарып келеміз. Қазіргі күні жоба бірқатар қиындықтарды бастан кешуде, ол жобалық жұмыстар фазасын да еңсерген жоқ. Ал жобаны жүзеге асыру мерзімінің ұзаққа созылуының басты себебінің бірі – ресейлік тараптың жобаны жүзеге асыруға қатысты мерзімді 47 айға кешіктіруі, сондай-ақ жоба құнының бастапқы бағасынан 7 есеге артуынан болып отыр» – деген еді Т.Мұсабаев.

serke.org

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Шынында да, Ресейге жалға бергеннен гөрі өзіміз пайдаланған құлаққа сіңімді әңгіме…Жарайсыз Талғат аға!..

  2. Өзекті мәселені көтерген екен! Қашанғы Ресейдің көлеңкесінде жүреміз!! Ол үшін бізге жаңа технологиялар қажет!!

  3. байқоңырды жауып тастап, босқа кетіп жатқа шығындарды халық игілігіне жұмсау керек

  4. Адамзаттың ең алғаш рет ғарышқа көтеріліп,әлем жұртшылығын өзіне қаратқан Байқоныр ғарыш айлағын бүкіл әлем білетіні сөзсіз анық. Онымен біз мақтанамыз арине бірақта пайдасы еңбектің бәрі көрші мемлекетке тиіп жатқаны намысымызға тиеді. Келісім шарт болсын, басқасы болсын өз елімізде өзімізге үкім шығарғанына қарным ашады.

  5. Әріне Байқоныр ол ежелден біздің жеріміз және біз оған ие болуымыз керек. Бірақ басқа жағыннан қарасақ, Байқоныр май мен сүтті өндіретін зауыт емес қой, оны пайдалану үшін алданғы қатарлы технологиялар керек, білікті мамандар керек, және ең бастысы ол айтарлықтай қаражат құйылымы керек.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар