Бүгін еліміздегі филологтар мен сарапшы ғалымдар латын әліпбиінің 26 әріптен тұратын жобасын таныстырды.
Мамандардың пікірінше, латын қарпіне көшу барысында тілімізге тән ерекшелік ескерілуі тиіс. Бұл жағынан көршілес Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстан елдерінің тәжірибесіне сүйенбек. Қазіргі әліпбиді латын графикасына көшіру үшін 12 жыл тым аз. Бұл – тек әріп таңбаларын ауыстыру ғана емес, сонымен қатар көптеген техникалық және әлеуметтік қиыншылықтары бар мәселе. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен «Аманат» зияткерлік клубының отырысында айтылды. Басқосуда латын әліпбиіне көшудің халықаралық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және техникалық аспектілері қаралды.
Ерлан ҚАРИН, «Нұр Отан» ХДП хатшысы:
– Елбасы биылғы Жолдауда айтқандай, латын әліпбиіне көшу – ұлт үшін қажетті мәселелердің бірі. Кейбіреулер латын әліпбиіне көшуге келгенде техникалық, басқа да қиыншылықтарын айтып жатады. Бірақ латын әліпбиіне көшу – өркениетті таңдау мәселесі болып табылады.
24 TV
Qazaqting latin alipbiyne koshw waqitin soza berwdegi maqsat ne ?
Латын қарпіне көшу өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Ол туралы ел басымыз айтып өтті. Дегенмен біз әліпби мәселесі төңірегіндегі айтыста көш соңында қаламыз. 1927 жылы мамырдың 21 күні қазақ жаңа әліппешілерінің жаңа уставы қабылданды. Ол «ЖАҚ» деп (Жаңа Әліпби Қоғамы) аталды. Бұл қоғам қазақтардың латын жазуына көшуімен тікелей айналысты.Латын әліпбиі мәселесне көшу кезіндегі 1929 – 1928 ж.ж. мәселені қайта қарастырып, сол реформа арқылы қазіргі таңдағы жаңа әліпбиге көшуді жеделдету керек. Сол кездің өзінде латын қәрпіне көшуге байланысты пікірталас жеті-сегіз жылға созылды. 2006 жылдың 24 қазанында өткен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қәрпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қәрпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек»[ 2.] – деген болатын. Латын әліпбиіне көшу әлемдік өркениетті елдерге біршама жақын. Деректерге сүйенер болсақ, дүниедегі адам санының 2/3-і аталмыш әріпті пайдаланады екен. Латын әліпбиін қолданысқа енгізбеген елдердің өзі тауар маркалары мен еларалық құнды қағаздарын осы әріппен таңбалап келеді. Жан саны мен жазу саны жағынан дүниенің 1/4-ін ұстайтын қытайлардың өзі осы жазуға көшкелі ширек ғасыр болды.Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі – оның жазуы. [7. 70 б] Латын әліпбиінің Батыс Еуропа халқытарының жазуларының қалыптасуына көп ықпал етті. Қазіргі кезде латын графикасына негізделген 70 – тен аса әліпбилер бар. Оның ішінде 30 – дан аса Еуропаның , 20 – дай Азияның, 20 – дан аса африка мемлекеттерінің осы жазу үлгісін қолданады. Жалпы айтқанда Еуропада 80 % халық латын грфикасымен, Азияда 53, Африкада 128, Америкада 45 және Австралияда 65 халық қолданатыны белгілі [1. 10б] Латын әліпбиі түркі халықтарының басын біріктіреді. Сонымен бірге әлі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан кеңестік орыс идеологиясынан азда болса алшақтаймыз. Төлегенұлы Қажымұраттың Латын Әліпбиі және оның тарихи сабақтастығы атты мақаласынан үзінді.
biz zhastar osi latin alphavitin kundelikti agentte koldanip zhurk latin alphabitine koshu kop kiindik tudirmaidi dep oilaimiz
латынға қарсымын. бетімен ақша шашу. бұл жол қазақ қазақпен сөйлесуін арттырмайды. өз-өзімізді алдап жүрміз
артықшылықтары мен зияның зертесек, зияны басым болып тұр.
менин ойымша латын карпине кошудн кажети жок себеби бизде казак тили бар ол орыс тили мен косылып умытылып кетеди казирги кезде орыс тили кез келген жерде бар агентте колданамыз делик брак ол создер казакша емес пе тек агылшын арпимен жазамыз w-бул агентте ш арпи гой
Маган латын әліпбиінің соңғы нұсқасы керек жіберіңдерші көрелік