///

Қажығұмардың тұяғы

1206 рет қаралды

Құдіретті оқырман, өтірік қоссам тас төбемнен ұрыңыз. Қажығұмардың Қазақстанда ұлы бар. Шын мәнінде бұл адам күрескер жазушыдан қалған жалғыз еркек кіндік… Қажекеңнің Қытайда ұлдары бар дейтіндерде шығады. Оған Қажығұмар Шабданұлының өз хаты жауап берсін.

«Біз де аманбыз. Біз дейтінім, Қажығұмар-Бақыш семиясы. Баламыздың үлкені  Бақытгүл, 23 жаста, қызметте. 2-сі Қайыржан 19 жаста, Құлжада институтта оқиды. 3-сі Пәтима 17 жаста, орта мектепте, келер жазда бітіреді. 4-сі Бауыржан 13 жаста. Ең кішісі Жайнар 5 жаста. Бұлардан үлкен Пәйма, Ажар дейтін екі қыз мен жоқта ұзаталып кетіпті. Жайнар жолдастан басқасы Әжығұмардан.

(Суретте:Маздат Қажығұмарұлы мен Талғат Қажиәкбарұлы (Қажығұмар Шабданұлының ағасының баласы)

�? � ��8k�еңнің Қытайда ұлдары бар дейтіндерде шығады. Оған Қажығұмар Шабданұлының өз хаты жауап берсін.

«Біз де аманбыз. Біз дейтінім, Қажығұмар-Бақыш семиясы. Баламыздың үлкені  Бақытгүл, 23 жаста, қызметте. 2-сі Қайыржан 19 жаста, Құлжада институтта оқиды. 3-сі Пәтима 17 жаста, орта мектепте, келер жазда бітіреді. 4-сі Бауыржан 13 жаста. Ең кішісі Жайнар 5 жаста. Бұлардан үлкен Пәйма, Ажар дейтін екі қыз мен жоқта ұзаталып кетіпті. Жайнар жолдастан басқасы Әжығұмардан. Ал Тайман нағашысы Қалбастың қолында. Былтыр үйленді. Әжығұмар мен Кішән өлген. Естіген шығарсыңдар(бірі 1974 жыл, бірі 1967 жыл)».

Иа, Қажекеңнің балаларым деп отырғаны інісі Әжығұмардың тұяқтары. Ал хатта аталған, өз кіндігінен тараған Тайман 1998 жылы қайтыс болды. Жұлдыз, Құндыз атты екі қызы бар.

Сонда көзі тірісінде-ақ аңызға айналған Қажығұмардың ұрпағын жалғастыратын бір еркек кіндікті қалмағаны ма? Әлде біз білмей жүрміз бе? «Қылмыс» романында ерекше әкелік мейірімі түскен, Қазақстанға оралғанда алдынан шығатын Асқардың прототипі кім? Менің алдымда әйгілі қазақ жазушының атажаұрттағы бауырларына жазған бірнеше хаты жатыр. Сол хаттардың ішіндегі мына сөйлемдерге назар аударып көрейішкі…

«Балалардың үлкен-кіші бәріне де, егер таныстық-туыстық байланысы болса, Маздатқада (Қапшағайда деп естимін), келіндерге де көруге аңсаулы сәлемімді жеткізерсіңдер. 1985 жыл, 18 август».

«Ал, екі Маздатта Қапшағайда тұрғанын білдім. Үлкен Маздатты Мәруанның жездесі – Исабек иеленіп, «Сәруардан туған» деп жүр екен. Соның фамилиясында жүрген сияқты. Қапшағайда өзі орта дәрежелі техник(МТС-та ма, депода ма, әйетуір бір стансияда істейді). Келін (Жалайыр қызы) сондағы бір мектепте оқытушы. Екі ме, үш пе баласы бар. Аман-есен екендіктері ап-анық. Олардан қам ойламаңдар. Өздері-ақ танысып-табысатындығына сенімім бар! Өздері енді бірер жылда ұғысып болуы мүмкін. 1985 жыл, 27 декабрь».

Қажекең айрықша атап отырған Маздат кім? Мәруан кім? Енді осыған тоқталайық. Мәруан Қасымқызы – Қажығұмар Шабданұлының ең алғашқы жары. Мұны Қажекеңнің туыстары мен бүгінгі көзі тірі бауырлары жақсы біледі. Ал Маздаттың кім екенін Мәруан Қасымқызының өз ауызынан естиік.

Мәруан Қасымқызы:

–  Мен 1937 жылы туылғам. Құлжа қаласында туып-өстім. Әпекем Қазақстанда туылып, 3 жасында Қытайға өткен. Қазақстандағы атажұртымыз Қапал-Арасан. Қапалдың төре тұқымынан екенбіз.

15 жасымызға жетер-жетпес кезімізде бір указ шықты. Кім Чау Шиянь(Корея) соғысына барса, жағдайы жақсы болады деп. Біз өте кедей болдық. Әкем елдің малын бағады, шешем елдің нанын жабады. 2 қыз, бір ұлмыз. Мен біреудің баласын бағып жүрдім. Қазақ ұйшымасында оқыдым. 6 сынып оқып жүрген кезімде Дәнеш Рақышев «Совет Союзынан кісілер келе жатыр екен, соған әнші керек, биші керек» деп ішінде мен бар төрт қызды алып кетті. Екі қыз ән айтты. Екі қыз биледік. Советтен келген қонақтарды аэродромда қарсы алдық. Осыдан кейін-ақ мені «мына қыздан бірдеңе шығады екен» деп Шара Жиенқұлова Қазақ ұйшымасының жанындағы қазақ театрына әкелді. Әкемді шақырып алып, 12-13 метр шапандық барқыт берді. «Қызыңды бер, өзіміз оқытып, өзіміз жеткіземіз, советке алып кетеміз» деді. Әкем айтты: «Мен тұрғанда қызымды бермеймін. Мен өзім советтікпін. Паспортым бар. Егер шамаларың келсе отбасымызбен көшіріп алыңдар» деп мені бермей қойды. Олар маған «Айжан» деген биді, «Қазақ вальсін» үйретті де, «кейін келесің, шақыртып аламыз» деп елдеріне қайтты.  1951 жылы Чау Шияньға баратындарды жинай бастады. «Тәуекел, мен барам» деп шықтым. Содан Үрімжіге Қазақ театрына келдім. Ол жерде оқымаса болмайды, оқу керек деген әңгіме шықты. Соған орай біраз уақыт саяси сабақ өтілді. Кейін Қашқарға, Хотанға «жаңа үкімет келді, жаңа партия келді. Ер мен әйелдің құқығы тең» деп үгіт-насихат жүргізуге жіберді. Соның әсерінен көптеген әйелдер мен қыз балалар шашын қиып, шолақ етек киіп шыға келді. Кейінірек Алтай, Шәуешек жаққа бардық. Сөйтіп жүргенде Чау Шияньға баратын кезек келді. Үрімжіден 60 адам жүрдік. Біздерді еркекше киіндіріп, жүргізіп, тұрғызып бәрін үйретті. Күндіз окоптың ішінде ойын қоясыңдар, түнде штаб пен штабтың арсында еңбектеп жүресіңдер деді. Сөйтіп неше түрлі қиындық көріп 6 ай Кореяға барып қайттық. Қайтып келгеннен кейін оқуымыз керек еді. Ол да қалды. Тетатрда жүрдік. Жігіттер келіп-кетіп жүретін. «Қасен-Жәмилада» басты рөлде ойнаған Абылай Жұмаханов деген жігіт болды. Сол айналдырып жүріп, «жазушы, пәлен-түген» деп Қажығұмарға таныстырды. Ол артымнан қалмай жүрді. Бізге ие болып жүрген Зәкен деген үлкен кісі бар еді. Соған барды. Ол кісі: «жоқ, әке-шешесіне мен не деп айтам? Бұл әлі жас, оқу керек» деді. Бұл сөз жайына қалды да, бір күні екі кештің ортасында бір жатаққа бардық та, апыл-ғұпыл үйленген болдық. Ол жерде көп тұрмадық, 2-3 ай ғана паналадық. Асты қызыл, үсті көк пердемен қымталған төрт терезесі бар жатақ үй еді. Қарсымызда Абылайлар тұрды. Қажығұмардың қолынан қағаз түспейтін. Тәңертең ол жұмысына кетеді, мен тетарға кетем. Кейіннен мені театрға жібермеймін деді. Бастығымыз оған көнбеді. Шаңхайға алып кетті. Қажығұмар одан сайын айғайлады, аттандады. Бәрібір қызмет бабымен Шаңхайға кеттік. Сол кезде ішімде осы Маздат бар екен. Билеп, әйтіп-бүйтіп жүргенде ішім томпайып шыға келді. Сондықтан «Жәмиланың» жанында жеңіл-желпі рөлдерде ғана ойнадым. Шаңхайда 6 ай болдым. Соның арасында қыстың аязына қарамай Маздатты босандым. Қажығұмардың хаты бойынша, «Маздат» деп ат қойдық. Босана салып, бала қырқынан шықпай орап-қымтап, жолға аттандық. Үрімжіге аман-есен жеттік әйтеуір. Әкесі қуаныш қылған жоқ. Өзімен өзі. Мен өзіммен өзім. Не жатақ жоқ, не үй жоқ. Өзінше бюрократ. Тіпті бір күні театрға жібермей, тірідей өлтірем деп, екі қолымды байлап тастады. Екі ай тұрдық та, театр көшетін болғандықтан, майдың 15-інде Құлжаға кететін болдық. Қажығұмар бірге шықты. Құлжаның ортасында «Айран барақ» деген бақ болатын. Үлкен стадион. Қолда мекен-жай болғаны болмаса, өз үйімді білмеймін. Сосын бір арбалар келді. Солар апаратын болды. Сөйтіп тұрғанда Бұқара Тышқанбаевтың шешесі жүгіріп келіп, «барсың ба, қызым, шешең күндіз-түні жылап, әбден өлетін болды, тірі кезінде көріп қал, жүрші, мен алып барайын» деді. Қажығұмар «Қадыр бағы» деген жерден жаяу, арбаға ілесіп жүрді. Әкем өкіріп жылап көрісті. Ішке кірсем шешем жұдырықтай ғана кемпір болып қалыпты. Байдың есігіндегі бұл екі ауызды үйді Қажығұмар ұнатқан жоқ. «Жүр, кетеміз» дегендей ыңғай танытты. Жездем мен әпекемде осы үйде екен. Үйленгендеріне 10 жылдай болған… Кішкентайлары жоқ. Мен кетпеймін, ауру шешемді тастап кете алмаймын дедім. Бұған көнбей біраз күштеп көрді де, соңында ақылына келіп, жолығып тұрамыз деп чемоданын алып кетіп калды. Мен шығарып салдым. Содан кейін мен театрыма кеттім. Маздатты әпекем алды. Бір күні «Советке кететін болдық» деп жездем алақайлап келді. Сонымен отбасымызбен көшетін болдық. Мен қалайын десем жанымда Қажығұмар жоқ. Бар болғандада әлпештеп отырған ол жоқ. Оқымағансың деп зіркілдейді де отырады. Сонымен «оқыған кісісін тауып алар» дедік те Советке ат басын бұрдық. Мұнда келген соң хат келіп тұрды. «3-4 жыл күт, артыңнан барамын» деп жазыпты. «Е, жарайды» деп, 3-4 жыл емес, 5 жыл күттім.Келмеді…

Біләл Қуаныш, «Abai.kz» (материал қысқартылып беріліп отыр-Мінбер.кз)

)Ал Тайман нағашысы Қалбастың қолында. Былтыр үйленді. Әжығұмар мен Кішән өлген. Естіген шығарсыңдар(бірі 1974 жыл, бірі 1967 жыл)».

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар