– Қайрат, сенің жеке концертің өткен сайын тыңдармандарың билеттің тым қымбат болғандығын айтып, мұңдарын шағып жатады… Сондай сәттерде тыңдармандарыңды ренжітіп аламын деп ойламайсың ба?
– Өткен жылы Алматыда концерт бергеннен кейін көптеген тыңдармандар, журналистер хабарласып, кіре алмай қалғанын, билеттің тым қымбат болғандығын айтып жатты. Сол кезде екінші рет концерт беруге болатын еді. Өкінішке қарай, ертесінде зал босамайтын болды. Бір білгенім, концертке екі күн қалғанда алыпсатарлар билетті тегіс сатып алып, қымбаттатып жіберіпті.
– Бұған тосқауыл қоюға болмай ма?
– Ешкім тыя алмаған нәрсеге қалайша тосқауыл қоясың?! Ондайлардың кассадағы сатушылармен байланысы болады. Өткізе алмаса, қайтарып береді дегендей… Бұрын билет мәселесімен анам айналысатын еді. Соның өзінде «есептеп береміз» дейді де ақшаны жоқ қылып жібереді. Алдын ала бақылағанда: «кассада билет аз қалды», – дейді де кейіннен көбейтіп қояды. Аузымыз күйгеннен кейін билет мәселесіне араласпайтын болдық. Атыраудан концертке достарым келгеннен кейін олар үшін билет сатып алайын десем бағасы аспандап кеткеніне көзім жетті.
– Ән таңдауда кімнің кеңесіне жүгінесің?
– Бұл жағына келгенде, бірінші кезекте анамның көмегіне жүгінемін. Анда-санда өзімнің ойым іске асады. Негізінен, анам әннің мәтініне мән береді де, мен әуеніне қараймын. Кей жағдайда өзім қаламаған әнді анам міндеттейді. Бірақ одан жаман болғаным жоқ. Мысалы, «Аңсағаным», «Өмір-өмір», «Шыда, жүрек», «Сен мені түсінбедің» секілді әндерді қоярда қоймай орындауыма анам себепкер болған.
– Кімге тартқансың? Анаңа ма, әлде әкеңе…
– Бұдан он жыл бұрын менің әнші болатыным туралы үйдегілер де ойламаған шығар. Ол кезде біздің бірнеше сауда нүктелеріміз болатын. Сатушылар шықпай қалған кезде өзім барып, сауда жасап жүрдім. Бала болсам да, істей алмайтын нәрселерді де жан-тәніммен беріліп істейтінмін. Сондай-ақ бес-алты бала бірігіп, тойларда қойылым қойып, ақша табатын едік. Әйтеуір жоқтан бар жасап, өзімше табыс табуға бейім болдым. Сол жағынан келгенде анама тартқанмын. Ал өнер, ол – әкемнен дарыған қасиет.
– Әнші Қайратты букмекерлік кеңсеге көп барады деп жатады…
– Ол жерге жалғыз мен ғана емес, күллі әншілер барады. Бастапқыда барып жүргенімде жақындарым құмар ойын ғой деп шошып, баруыма қарсылық білдіретін. Мүмкін букмекерлік кеңселерде әншілер жүрмегенде мен үшін қызықты болмас па еді?! Бұл – менің хоббиім. Қатты қызығатыным соншалықты, кейде ойын болмайтын күндері достарыммен жиналып, таңға дейін компьютерде футбол ойнайтынымды жасырмаймын.
– Арманшылсың ба?
– Иә. Әрнені бір армандап жүремін. Шынымды айтсам, ойланбай жүре алмаймын. Соған қарағанда қатты қиялшыл болып өскен сияқтымын.
– Біз білетін Қайраттың демалу дәстүрі қандай?
– Былтыр Түркияда, Дубайда демалып қайтқанмын. Биыл қаңтар айында өзіме көңіл бөліп, тынығайын деп шештім. Қазір жаттығу залына бір жылға жазылып қойдым. Жол апатына ұшырағаннан кейін дұрыс ем қабылдамаған едім. Қазір сол жағы мені мазалап жүр. Содан кейін жайлап ем қабылдап жүрмін.
– Саған сыйлық көп жасалатын шығар?
– Иә… Жақында бір ерекше сыйлыққа қатты қуандым. Арман Дүйсеновтің шаңырағындағы тойдан кейін «МузАрттағы» ағаларымыз бастаған бір топ әншімен бірге демалғанбыз. Сонда
Мейрамбек Беспаев ағамыз өзі тағып жүрген алтын сағатын маған сыйлады. Кішкентайымнан Мейрамбек ағамды сүйіп тыңдап, жақсы көріп өскендіктен бұл мен үшін үлкен сыйлық болды.
– Саған ынтызар болған қыздардың сезімін қалай қабылдайсың?
– Бастапқыда мұндай жайттар мен үшін қызық еді. Қазір қалыпты жағдайға айналып, етім үйреніп кетті. Соғылған қоңыраулар мен келіп жатқан смс-терде сан жоқ. Кейде өмірдің бар екенін ұмытып, қатты ынтызар болған қыздарды көріп: «Жаным-ау, маған несіне ғашық боласың?», – деп айтып жатамын (күлді).
– Қызғаншақсың ба?
– Ондай қасиетім бар. Кішкентай кезімде анам менен кейінгілерге қатты көңіл бөліп жатса,
«Мама, көреміз! Мен де балаңыз емеспін бе?», – дейтінмін. Анам «Сен оңбайсың, мынауың дұрыс па?», – дегенде мен жылап: «Көресіз, мен сізді асырайтын боламын. Мені жаман бала болады деп тұрсыз ба?» – деп қызғаныштан жарыла жаздайтынмын.
– Жеке отбасың туралы неге аз айтасың?
– Бәрінің менен сұрайтыны осы сұрақ. Өзімнің жеке өмірім жұмбақ күйінде қала берсе деймін. Біреу ажырасты дейді. Біреу тағы басқаша айтады.
– Бірақ олай емес қой?
– Әр адамның өмірінде бір жұмбақ нәрсе болады ғой. Сондықтан осы күйінде қала берсінші… Суға кетіп қайтыс болған досымның үш жастағы баласы бар еді. Соны көтеріп түскен суретімді «Қайрат Нұртастың баласы» деп журналға да шығарды. Кейін оны ол кісілер көріп жылап қалды. Сондай нәрселер де кездесіп жатады.
– Басқа кәсіппен айналысқың келмей ме?
– Ниет бар. Алайда өзіме сұраныс көп болғандықтан, мойын бұратындай мүмкіндік болмай тұр…
Жанкелді ҚАРЖАН
halyksozi.kz
Парақшамызға жазылыңыз
Маған Қайрат аға қатты ұнайды, себебі әндері жүректен шығатын әндер. Тек биік шыңдардан көріне беріңіз!
Әндеген өміріңнің мәні де сәні де сол әндер бәріне ұнай береді деп айта алмаймын. Маған бәр әншіден тек бір әнші ғана ұнайды. Оның аты жөні Қайрат Нұртас пен Бақыт Алтай. Қайрат аға сізге бес сұрақ қойсам бола ма?
1. Сіз шынымен үйленгенсіз бе?
2. Анаңыз неге сіздің продюсеріңіз? Не үшін?
3. Неге сіз отбасыңызды жасырасыз? Себебі неде?
4. Сіз неге Сәкен Майғазиев ағаны менсінбесіз? Неге соншалықты тәкаппарсыз, не үшін?
5. Әнші болуға лайықтымын деп ойлайсыз ба?
Қайрат Аға мні кешіріңішші жалына өтініш артықтау кеттіпін
Жауап жазыңыз жауап күтем Қайрат
Сәлеметсізбе қайрат аға қаліңіз қалай сізге бір өтінішім бар еді түркістанға келіп жастарға 1 канцертіңізді бере аласызба қолыңыздан келеме сізді 1 көруге зар болдық келіп канцертіңізді бере аласызба
қайрат аға әніңіз өте керемет маған қатты ұнайды әрқан жүзіңізден шаттық отбасыңыздан амандық кетпесін
Қайрат аға сәлеметсізбе?? Маган катты ұнайсыз әндерініз оте катты унайды!!? өтінішім бар Сарыағаш ауданы Абай ауылында коптеген сіздің жанкүйер тыңдармандарыңыз бар, онын ішінде менде бармын!! Сол жерге келіп концертіңізді берсеңіз сізді асыға күтудеміз көруге асыгып) осынша тындармандарыңыздың өтінішін қалдырмайсыз деген ойдамын??!!!
Қайрат өзін өте жоғары ұстайды екен
Қайрат аға мен сіздің әндеріңізді сүйіп тыңдаймын.Сахнаға қайта шығыңыз.Қызылорда обылысы.Қармақшы ауданы.Алдашбай ахуын ауылына келіп әндеріңізбен бізді қуантасыз ба?Өтінем сізді күтеміз Біз сіздің дауысыңызды тыңдағымыз келеді