///

Семей полигонының астындағы құбыжық

1445 рет қаралды
Он сегіз мың ғаламның жұмбағы әлі толық ашылған жоқ. Адамзат құпиясын таппаған, байыбына бара алмаған дүние көп. Кейде жұмыр жер бетінде адам айтса сенгісіз оқиғалар болып жатады. Бірақ соның құпиясына ғалымдар жабыла үңілгенімен, ештеңе таба алмайды, көкейдегі сауалдар жауапсыз қалады. Соның бірі – жер бетіндегі анамольды нүктелер.

Ол неден пайда болады? Бұған әзірге жауап жоқ. Әлемнің өзге қиырын сөз ет­пес бұрын, өз еліміздегі сондай ана­моль­ды нүкте жөнінде айта кеткен жөн. Мә­селен, өткен ғасырдың 90-жылдарының соңы­на қарай Семей полигонын ғарыш серігі арқылы түсірілген суретте сыры жұм­бақ белгілер табылған. Ғалымдар таң­ғал­ғанын жасыра алмаса керек. Өйткені су­ретте полигон астында белгісіз аса ірі жән­діктің қозғалып жүргені бай­қалған. Бұл не? Көктен түсірілген жүз­де­ген су­рет­терді салыстыра отырып, ға­лым­дар қоз­ғалыстағы белгісіз дүниенің алып ай­даһарға келетінін аңғарды. Ға­лымдарды қы­зықтырғаны – ұзындығы бір­неше ша­қырымға кететін алып жән­діктің біресе оң­ға, біресе солға жиі қоз­ғалып тұруы. Бі­рақ әлемде ондай ірі ай­даһардың болуы мүмкін бе?
Әрине, жоқ. Демек, бұл айдаһарға ұқ­са­ғанымен, өзге дүние болуы мүмкін деген шешімге келген. Сон­да не? Ақыры ұзақ зерттеудің нәти­жесінде ғалымдар Семей полигонының ас­тында анамольды кеңістік барын анық­тады. Бір таңғалар­лық жайт, қыстыгү­ні әлгі маңды қар баспайды екен. Тіп­ті жапалақтап жауған қардың өзі белгілі нүктеге жеткен соң, еріп кетіп отырған. Ол жердегі топы­рақ­тың жылуы қыстыгүн­­дері өзге жақта қат­ты аяз болып тұр­ған­ның өзінде, кем дегенде 10-5 градус жы­­лылықты сақтайды екен. Ал жаз айла­рында анамольды өңір­де көп өзгешелік біліне бермейтін кө­рі­неді. Әрине, ға­лым­дар алғашында бұл яд­ролық сынақ­тар­дың, радиацияның әсері болуы мүм­кін дескен. Бірақ зерттеу барысында ана­мольды өңір сынақ болған жерден кем дегенде 10-15 шақырым алыс ор­на­лас­қан. Жалпы, тосын құбылыс бай­­қал­ған аймақтың ауқымы – 20 шаршы ша­­қырымды алып жатыр. Аймақтағы тосын жайт 1997 жылы белгілі болға­ны­мен, әлі оның жұмбақ сыры шешілмеуде. Дегенмен Қазақстан және Ресей ға­лым­дары полигон астында болған анамольды кеңістікті, «Сынақ алаңының астында яд­ролық жарылыстардың әсерінен бір­неше жарқыншақтар пайда болған. Бұл өз кезегінде жердің төменгі қырты­сын­да­ғы жылуды сыртқа шығаруда. Қыста қар­дың еріп кету салдары содан» деген шешімге келуде. Алайда бұл соңғы қор­тынды емес. Әлі де ол анамольды өңірді кеңі­рек, тереңірек зерттеу қажет деседі ғалымдар. Дегенмен Ресей уфологтары бұл «жат ғаламшарлықтардың ісі болуы мүм­кін» дегенді айтады. Өйткені мұндай ана­мольды кеңістіктер тек бұрынғы Се­мей полигонының маңынан ғана та­бы­лып отырған жоқ, Байқоңыр ғарыш ай­лағы және Сарышаған полигондарынан да байқалған. Тіпті бұл маңдар сыры беймәлім белгісіз ұшатын табақшалардың (НЛО) жиі торуылдайтын мекеніне ай­налып үлгерген деседі ресейлік уфолог­тар.
Жалпы, мұндай анамольды өңірлер әлемде жеткілікті. Бір қызығы, солардың бәрі ядролық сынақ жасайтын поли­гон­дардың маңына орналасқан. Бәлкім, бұл өзге ғаламшарда өмір сүріп жатқан жат- жұрттықтардың бақылау зертханалары ма екен? Кім білсін? Бәрі де мүмкін. Өйт­­кені ондай аймақтар бар екені жал­пы­лама айтылғанымен, ондай өңірлерде бо­лып жатқан оқыс оқиғалар, тосын жайттарды құзырлы орындар қатаң құ­пия ұстауда. Неге? Ол жағы белгісіз. Де­мек, ол жерде белгілі бір сыр жатуы анық. Сондай бір құпиясы шешілмеген ана­мольды маңға Бермуд үштағаны жа­тады. Бұл талайдың басын жұтқан жойыт мекен, 1945 жылы белгілі болған. Содан бері он мыңдаған адамды, жүздеген ұшақ­ пен кемелердің ажалына себепкер бол­ған. Алайда ол жерден ешқандай өлік­тің не болмаса із-түзсіз кеткен ке­ме­лердің қирандысы табылмайды. Сонда олар қайда? Бұл да – әлем ғалымдарының әлі күнге бас қатырып, таба алмай отыр­ған жұмбағы. Рас, ғарыштан түсірілген суреттерге қарағанда Бермуд үштаға­ны­ның астында Мысыр және америкалық үндістердің (соның ішінде ацтек, кещуа, майя тайпалары) тұрғызған пирамида­ла­рына ұқсаған пирамида табылған. Бұл не? Су асты өркениеті бүршік жарған ме­кен бе? Әлде басқа ма? Бұл да – шешуі та­был­маған көп сауалдың бірі. Семей по­ли­гонының астынан табылған анамольды кеңістікке ұқсас анамольды өңір АҚШ-тың атақты ядролық сынақтар жасайтын Невада полигоны маңынан да табылған. Жалпы, оның көлемі 35-40 шақырымды алып жатқан көрінеді. Бұл сынақ ала­ңын­да АҚШ-тың аса құпия зертханалары ор­наласқан. Түрлі деңгейдегі ядролық қарулар сынайтын да осы жер. Ол жердегі анамольды өңірдің де құпиясы әлі ашыл­ған жоқ. Неден пайда болды? Белгісіз. Тек көптеген ғалымдар жер бетіндегі адам­затқа қарағанда, әлдеқайда озық са­налы жат ғаламшар иелері әлгіндей қа­терлі ядролық сынақтар өтетін жерлерді бақылауына алған деседі. Мүмкін. Аса бір құпиясы мол жер мәңгілік мұз басып жатқан Антарктида да бар. Қалыңдығы 3-4 мың метр мұз басқан ірі «Шығыс» де­­ген көл жатыр. Оның маңында көп­теген мемлекетттердің зерттеу стансалары орналасқан.Бірде АҚШ-тың ғарыш серігі мұз басқан көлдің астында аса қуатты магниттік өріс барын тіркеген. Содан кейін-ақ америкалықтар ол жер­де зерттеу жұмыстарын жасап жатқан мамандарды кері қайтарып, әскерилердің бақылауына алған. Демек, ғарыштан түсірілген суреттерде жалпақ жұртқа жа­рия етуге болмайтын бір құпияның жат­қаны анық. Әйтпесе ол маң неге әс­ке­рилердің, соның ішінде АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі жеке қарауына ала­ды. Мұдай жайтты сол жерде жұмыс жа­сап жатқан Ресей ғалымдары да байқаған. Олардың дәлелдеуі бойынша бетін 3-4 мың метрлік мұз басып жатқан көлдің астыңғы қабаты 10-18 градусқа дейін жылы көрінеді. Бұл не жұмбақ? Тіпті тереңде ауа бар, өсімдіктер өсуі де мүмкін дейді ресей ғалымдары. Дегенмен көп­шілік ол жерде Үшінші рейх салған адам саны екі миллион болатын жерасты қа­ласы бар деседі. Ол қаланың аты «Жаңа Берлин» деп те атайды. 1945 жылы КСРО-дан жеңіліс тапқан Гитлер отбасы, дос­тары және көптеген ғалым-инже­нерлерді ертіп, алдын ала даярлап қойған Ан­тарктидадағы үңгірге жасырынған дегенді алға тартады. Жалпы, бұл жайын­да аңыз көп. Мәселе аңызда емес, мәң­гілік тоң-мұз басқан көлдің астында маг­­ниттік өріс қайдан пайда болды? Үстіне ит байласа тұрмайтын суық көлдің түбі неге 18 градусқа дейін жылы? Бұл да ға­лымдардың басын қатырып отырған жұм­бақтардың бірі деуге болады.

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

“Айқын”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар