Жанұя жанжалы өлімге себеп болды ма? Кеше кешкі сағат 18:00 шамасында Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шонжы шекара заставасы бастығының орынбасары, «Шығыс» өңірлік басқармасының капитаны Мұрат Қадыралинов өзіне-өзі қол жұмсап, өмірімен қоштасты. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің директоры бастаған топ және орталық аппарат қызметкерлері оқиға орнына аттанды. Шекара қызметі баспасөз өкілдерінің хабарлауынша, қайғылы жағдайға отбасында болған ұрыс-керіс себеп болуы мүмкін. Алайда, істің ақ-қарасы тергеу амалдары аяқталғаннан кейін белгілі болмақ.
kaztrk.kz
Парақшамызға жазылыңыз